Қалтафон суреттері. Эстафета

Қалтафон суреттері. Эстафета
жеке
блог

Бұл эстафета жақсы бастама екен. 9-сыныпта Nokia N73 қалтафонын алып, ерекше қуанғанмын. Сол күннен бастап студенттік 1-курсқа дейін қалтафонымның фотоаппаратына тыныштық болмады. Шыртылдатып түсіре беретінмін. Сол суреттердің көпшілігі қолымда емес, барлық мәліметтерімді ПК-ден ноутқа, ноуттан ноутқа ауыстырып жүргенде жойылып кетті. Енді қалған суреттердің ішінен таңдаулы деген суреттеріммен бөлісейін. Барлық суреттер 2008-2009 жылдары түсірілген. Бқрын-соңды Массагет секілді қалың қауымға ұсынылмаған))) Айтпақшы, бұл менің алғашқы эстафеталық жазбам.

1.Арқа сүйер сыныптасың болған жақсы ғой

 

2.Тұщыбек ауылындағы көлшік

 

3.Алматыда мұндай бұлттарды көру арман шығар

 

4.Өркен

 

5.Уыз емген бота

 

6.Сізге гүлдің түсі ұнады ма?

 

7.Тынық теңіз

 

8.Найзағай. 1 сағаттай отырып зорға түсірген едім

 

9.Ал мынау тұнық теңіз

 

10.Мектеп түлектері ғана сезінетін шаттық

 

11.Теңіздегі күннің батуы

 

12.Қазіргі заман петроглифі. Менімен құрдас екен

 

13.Мынау не? а)қына ә)мүк б)саңырауқұлақ в)жай ғана тас

 

14.Ұялшақ жыланбас

 

Ал енді талқыға салсаңыздар жақсы болар еді. Эстафета таяқшасын Ақылбай Сейсенге беремін. Сол бала да бір түсіретіні бар еді