жеке
блог

ЖОЛДАУДА ЖИЫНҒА КЕЛГЕНДЕР ЖЕТІ РЕТ ОРЫНДАРЫНАН ТҰРДЫ

Бүгін Президент Жолдау жасады. Бұрын осы Жолдауды байлап қойса да, көрмейтіндей едім. Қазір ақыл кірді ме, әлде осы күнгі жұмысымызға керек болғасын ба, білмеймін. Әйтеуір биылғы Жолдауды ыждаһаттылықпен тыңдағанымды жасырмаймын. Назарбаев Үкімет пен халықтың алдына 10 бағыт бойынша дамуды қойды. Оны бұл арада талдағалы отырғамыз жоқ. Бізсіз де Жолдауды бұтарлап талдап, жіліктеп зерттейтіндер жеткілікті.

Айтпағымыз мынау. Биылғы Жолдау бас аяғы 48 минутқа созылды. Қысқа. Нақты. Жүйелі болды. Президент бір деммен Жолдауын айтып шықты. Депутаттар мен министрлер, жиынға қатысушылар Жолдау барысында 45 рет қол соқты. Төрт рет ұзақ шапалақтады. Қалғанында Президент бастамаларына ризашылықтарын алақаны арқылы білдіріп отырды. Сонымен қатар, Жолдау барысында жиынға қатысушылар 7 рет орындарынан тұрды. Бұрын байқамадық па, әлде білмедік пе, осы жолы жиынға жиналғандар қайта-қайта орындарынан тұра берді әйтеуір.

Былтырғы Жолдауда Елбасы сөз сөйлеп тұрып бірнеше рет су ішкен. Биыл бір рет те су ішкенін байқамадық. Есесіне, тамағы құрғап қала берді ме, 6 рет жөткірінді. Елбасының Жолдау барысында көп қайталаған сөздері ретінде "Тәуелсіздік", "Тұрақтылық" екенін айта кеткен де дұрыс шығар.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі