Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Әжемнің әсерлі әңгімесі

Әжемнің әсерлі әңгімесі

Әжемнің әсерлі әңгімесі


Әжемнің әсерлі әңгімесі 

 

Судың да сұрауы бар 

                Бала күнімде дәл мұндай ағыл -тегіл аққан су жоқ болатын.  Ата- анамызға көмектесу үшін, әсіресе қыстың күні, сай саланы аралап,  мұз болып қатқан қарларды жинап,  қанар қапқа салатынбыз. Оларды жылы үйге әкеліп,  астына ыдыс қойып, судың таза болып тамшылауын қадағалайтынбыз.  Қазір сендер мықты деген фирманың фильтрлерін таңдап жүріп пайдаланасыңдар. Біздің сол кездегі нағыз фильтр  қарапайым қап болатын. Қаптағы  мұз араласқан қар ерігенде, керек емесі қаптың ішінде қалып, сүзгіден өткендей өтіп, тосып қойылған ыдысқа таза су жиналатын.  Сол суды ішіп өстік ғой.  Сендер бақыттысыңдар! Сан алуан сусындардың бірнеше түрі көп.  Өздерің дайын жемістен сусын  жасауға ерініп, атауы шетелше жазылған сусындарға құмарсыңдар. Бұларың қалай? Жарықтарым –ау  1судың да сұрауы бар, ысырап қылмай жұмсаңдар! 

                                                 Жыланды өлтірген сәби 

 

Бір әңгіме есіме түсіп отыр.  Кішкене сәбидің  қолдарында күш көбірек болады.  Бұрындары әкем екеуіміз жоғалған малымызды іздеуге шықтық.  Шөлдеген соң, алдымызда кездескен бір үйге тоқтап, қонақ болдық.  Үй бикесі жылы шыраймен  амандасып, үйіне кіргізді. Төрге шыға бергенімізде бір қызықты жайт болды. Бесікте жатқан бала  қолындағы қайыстай қап -қара затты, арлы берлі ұрғылап жатыр екен. Анасы аң -таң болып, бозарып кетті. Сөйтсек құдайдың құдіретімен сәби жыланның басынан мықтап ұстап алған екен. Әлгі жыланның шыбын жаны жибермей, баланың қолынан босау үшін, жан- жаққа ұрылып жатыр екен. Не істерімізді білмей дал болдық та қалдық. Бір мезетте анасын байқаған бала, қолындағысын тастай сала жымия күлді. Әкем жыланды барып байқағанда, жаны кетіп қалыпты. Ойлап қарашы, егер бейкүнә сәби  жыланның құйрығынан ұстаса не болар еді? Көрер күні бар деген осы да...


 

Тағы да жылан жайлы... 

Ертеректе бір топ арабтар ағаш  түбіне келіп, намаз оқып жатса, барлығының басы айнала беріпті.  Барлығы ішкен астарынан көреді.  Сөйтсе бір көреген араб, ағаштың жоғарғы жағынан у шашып тұрған үлкендігі  айдаһардай жыланды көріпті.  Сондай -ақ, жолдастарының басын айналдырып тұрған сол жыланның уы екенін сезе қояды. Адамдарды көрген жылан, ағаштан төмен қарай зулап келе жатыр екен.  Қауіп төніп келе жатқан соң, амал жоқ жыланды атып өлтіреді. Негізі жылан адамды шақпас бұрын, алдымен уын шашыратады екен.  Әр пендеңді алла сақтай гөр!

6
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 13 ақпан 2013, 17:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.