Абай мен Бодлер үндестігі

Абай мен Бодлер үндестігі
жеке
блог

      Журналистика  факультетінің  студенттеріне жалпы  курс ретінде профессор Кәкен Қамзиннің «Талдамалы журналистика» атты дәрісі оқылады. Бұл пәннің аясында студенттер сабақ бағдарламасынан тыс  көптеген рухани тәрбиелік мәні зор шығармалармен  таныс болып жүр. Әлем әдебиетінің үздік туындыларын сараптаумен қатар, қазіргі жастарға таңсық дүниелердің бірі классикалық музыка үлгілерін тыңдап, авторларын біле түседі. Шуберт, Брамс, Моцарт, Шёнберг, Бернстайн мен Рахманиновтың сазды әуендерімен біршама студенттер музыкадағы талғамын өзгертті деуге болады.

       Бұл үрдіс болашақ журналистің көркем әдебиетті терең түсініп, жанын сұлулыққа баулып, танымын арттырары сөзсіз. Сол қызықты дәрістердің бірінде біз француз ақыны  Шарль Бодлер мен қазақтың кемеңгері  Абайдың «сағат» туралы өлеңдерінің керемет сәйкестігі жайында ой қозғадық.  С.Малов: «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретті, образды тіл – қазақ тілі»,- деп бай, оралымды, шешен  тілімізге баға берген еді. Сондай-ақ,  Еуропа жұртының тілдері арасындағы ең көркемі  француз тілі  екені баршаңызға аян. Осы екі сұлу тілге ортақ «ғ» дыбысының айтылуы жай ғана ұқсастық болмаса керек.

       Бұл дүниеде еш алтынға, күш-қуатқа бергісіз, кері қайтаруға болмайтын бір ғана нәрсе бар – ол уақыт. Спортта, денсаулық сақтауда, бомба жарылысына, адамның ессіз әрекетке шешім қабылдауына небары бір милли не долли секунд әсер етуі мүмкін. Сол уақыттың өлшемі ретінде біз сағатты пайдаланамыз. Оның қызметі бір, ал сырт келбеті сан түрлі болып келеді. Қолға ұстап көрерлік зат болса да, бүкіл кеңістікті өзіне сыйдырған сағаттың киесі бар. Мәселен, туылған күні болып жатқан адамға оны сыйламайды, немесе сағаттың тоқтап қалуы, бұзылуы адамның зәре-құтын қашырады.

      Замандас екі алып -  ұлы Абай мен француз критигі  Бодлердің сағатты жырға қосып, ойларының бір арнаға тоғысуы кез-келген жанды таң қалдырады. Екеуінің де өлеңі шағын, Абайдікі  4 шумақ болса, Бодлердікі  5 шумақтан құралған. Әйтсе де, екі ақын ортақ ойды 4 жолдық өлеңге өздерінше өрнектеген. «Сағатты әншейін ермек емес, ол адам өмірінің өлшеуіші, құдайы іспеттес» дейді. 24 сағат, яғни бір тәулік - пенде ғұмырының бастамасы, гүлденген жастығы, толысқан ортасы және үңірейген қарттығы сияқты.

       Абай: «Сағаттың өзі ұры шықылдаған»,-деп уақыттың бізге сездірмей өмірді бір сәттен бір сәтке азайтып бара жатқанын айтады.яндекс

        Бодлер болса, «Оно играющий без промохи игрок» деп сағаттың ешқашан жеңілмейтінін, беріспейтінін, ақымақ адамды ойыншы етіп алса да, оны қарсылас көрмейтін құдіретке теңейді.

       Ия, адамзат баласы «уақыт машинасын» ойлап тапқысы келіп, не оны тоқтатып қоюды, ажалсыз болуды, қартаймауды аңсағанмен оған ешқандай шара жоқ.

       Егер Абай уақыт өлшемдерін:

                   «Күн жыйлып ай болды, он екі ай – жыл

                    Жыл жиналып, қартайтып қылғаны бұл»,- деп санап берсе, Бодлер:

                   «Три тысяча шестьсот секунд все ежечасно:

                     Все вспомни! Шепчут мне как насекомых рой»,-деп зымырап өтіп бара жатқан әрбір сағатты айтып қынжылады. Француз ақыны сол ұшып өтіп бара жатқан бір минутты текке өткізіп алудан қорқуға шақырса, Абай:

                   «Өткен өмір хабары осы сыбдыр,

                     Көңілді күнде сындыр әлде тындыр», -дейді.яндекс

       Фәнидің өткінші екенін екі ақын да түсінеді және өздерінше жырлайды. Мәселен, Абай:

                 «Махаббат жоқ, тұрлау жоқ, келді кетті

                  Қайта оралмас, бұрылмас бұлдыр заман»,- деп өмірдің жаңара беретіндігін, адам жай ғана құдайы қонақ іспеттес екенін сездірсе, Бодлер:

                 «За мигом новый миг безжалостно пожрет

                  Все данные тебе судьбою наслажденье»,- яғни бар қуаныш пен рахат баянсыз дейді.яндекс

         Абайдан 12 жас кіші 54 жыл ғұмыр кешкен Бодлер өлеңнің соңын: «В часах иссяк песок, и вечно алчет бездна» деп шарасыздықпен, бір үмітсіздікпен аяқтаса, Абайдың өз замандасынан ерекшелігі оның сол үмітсіздікпен қоса, жаратушыдан кеңшілік сұрап, әлсіз үміт сәулесін қалдыруында. Мүмкін, оның сенімі мен діні бөлек француздан өзгешелігі осында жатқан шығар.

                 «Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,

                   Жалғаны жоқ бір тәңірім кеңшілік қыл»,-дейді Абай.

         Таңғажайып құбылыс ретінде қарастырылған екі өлең де бір ғасырда, әлемнің екі шетіндегі, бірін – бірі танымақ түгілі, үш қайнаса сорпасы қосылмас ақындар жүрегінен шықты. Бұл жұмбақ құбылыстың шешімі -  жаратылыстың осы алыптар арқылы адамдарға жіберген ескертпесі. Барлығымыз да саналы, ойлы азаматтармыз, өзіміз үшін де, ұрпағымыз үшін де уақыттың қадірін түсіне білейік.