Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / «ҚАЗАҚ» десең өзіңе тиеді.

«ҚАЗАҚ» десең өзіңе тиеді.

«ҚАЗАҚ»  десең өзіңе тиеді.

бала

Перзент – Алланың  адам баласына сыйға тартқан періштесі. Перзент сүю  әр пенденің арманы болмақ. «Бір қозы туылса, бір түп жусан артық шығады» деген қазақта мағыналы сөз бар. Сәби – отбасыға ырыс-береке алып келеді. Ал, елімізде осы бақты басқа теуіп, басынан тайдырып жүрген жастар қаншама?!

Өмірдің қатал тәртібіне бағынбай «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүруге» беттеген құрдастарымыз шалыс басып, жастық желікпен ойын ойнап, от басып, таяқтың соққысына жығылып, ең соңында бойына біткен шақалақты құрбандыққа шалады. Осы жағдайды зерттеу барысында студент қыздар арасында болатын жасанды түсіктің саны қаншаға жеткендігін білуге Алматы қалалық студенттер емханасына ат басын бұрған болатынбыз, бірінші кірген дәрігер-гинекологтан койған сауалымызға жауап ала алмай, келесі дәрігерге жалған есім жамылып, басқа университеттің студенті болып баруымызға  тура келді. Бірақ бұл ісімізден де түк шықпады. Дәрігерлердің айтуынша мұндай мағұлматтарды сыртқа шығаруға тиым салынған болып шықты. Бар болғаны олардан сыр тартып, сұрай алғанымыз: дәрігер-гинеколог Шарбатова Жанна Бектайқызы: «біз түсік жасатудан бұрын тексеріп, узиге түсіреміз содан кейін барып ота жасатуға жолдама бере аламыз, бізде бұл қызметтің барлығы ақылы түрде қарастырылған» деген сөзі ғана.

 Соңғы  жылдардағы мәліметтерге сүйенсек жас қыздардың түсік жасатуы біршама азайған. Қазіргі уақытта Қазақстанда жасанды түсік жасатушылардың жас ерекшелігі 14-50 жас аралығы деп отыр, оның ішінде  15-18 жас аралығындағы қыздар арасында түсіктер санының көрсеткіші бұрындары жылына 400-500 болса, қазір 100-150-ге дейін азайған. Медицина ғылымдарының кандидаты Халел Сағынның анықтаған мәліметіне көз жүгіртсек, Отанымызда алдыңғы жылдары бас-аяғы 125654 түсік жасалған. Әрине, бұл көрсеткіш 16 млн халқы бар Қазақстан үшін құлаққа түрпідей тиетін жағдай. Жасанды түсікті әсіресе, 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер жасатады екен.  Жалпы, Алматы қаласы бойынша жылына 17972 түсік тасталынады. Бұл дегеніңіз, бізде әрбір үшінші жүктілік тоқтатылады деген сөз. Дәрігерлердің пайымдауынша, аборт жасатқаннан кейін болған жүктілік ана жатырындағы баланың өсуін 3,7 есеге дейін азайтып жібереді. Ондай балалардың әрбір үшіншісі жеңіл салмақпен дүниеге келіп, сәбилердің 77 пайызы қан аздық пен экссудативтік диотез дертіне шалдығатыны дәлелденген. Сонымен қатар, медициналық жолмен жасалған жасанды аборттан соң, болған жүктілердің 78,3 пайызы түсіктің кеселінен әр түрлі сипаттағы келеңсіздіктерге тап болатын көрінеді.

сәби

 

 

 

 

 

 

 

 

Сәбидің бар жазығы өмір көру үшін жарық дүниеге деген құлшынысы артып, талпынысы тартып жатқандығы ма?!  Ол кімге, не ауырлық келтірді екен? Қош, сонымен жасанды түсіктің әйел денсаулығына аса зиянды екенін, құрсаққа құндақталған шарананың тағдырына балта шабылатындығын  да ескере жүрсек.    

   Ал кейбір тасжүрек аналарымыз сәбилерін дүниеге алып келісімен «Перзентхана бесігіне»,болмаса, балалар үйіне тастап кетіп жатады. Мұндайларды тіптен «ана» деп атауға ауыз бармас. Көкірегін жарып шыққан баласын «асырай алмаспын» деп артына қарайламай кеткен «көкек аналар» кейін қалай өмір сүрмек?! Мына бір бүлдіршіндердің жағдайына қараңызшы. Жангүл деген сүп-сүйкімді 4 жасар қызды анасы туғаннан кейін бір ай болысымен көз жасын көлдетіп отырып 3 жылға уақытша «Үміт» сәбилер үйінде қалдырыпты. Жазған қолхаты бойынша биыл тамызда алып кету керек екен. Бірақ осы уақыт ішінде бірде-бір рет ат ізін салмапты. Жангүлдің анасы Гүлмайра Әріпова қазір құқық қорғау органдарының іздестіруінде.

   Қияшева Ансараның да жағдайы Жангүлдікіне ұқсас. Араларында айға жуық қана айырма бар бұл қызды анасы 2 жылға қалдырыпты. «Алданып қалдым, некесіз туылған сәбиімді қарайтын, қалдыратын адамым жоқ. Аяғымнан тұрып кеткесін, екі жылдан соң алып кетемін», - деп сылтауратыпты да, содан ат құйрығын үзіпті.

  Ата-анасы бұл дүниеде жер басып жүрсе де, жетім атанып, жетімдер үйінде тәрбиеленіп, жұрттың аяушылығынан жасқаншақ,  мүсәпір күйге түскен балалардың саны бүгінде көбеюде. Әрине, олардың асыраушылары, тәрбиешілері бар  , тіпті жаны жайсаң адамдар кейбір балаларды өз қамқорлығына алуда. Бұл қоғам үшін де, әсте, адамдар үшін де қолайлы жағдай. Дегенмен де, бала туған анасының иісін, әкенің аялы алақанын аңсайтындығы анық қой.

   Бір жақсылықтың артында үнемі бір жамандық тұрады. Асырап алуға болады екен деп, қазіргі таңда «таза қан» іздеген шетелдіктер де, «көк қағаз» іздеген біздікілерде есіріп алды. Баланы шекара асырып сату бизнесімен айналысып жүр. Бұл өзі айта-айта жауыр болған мәселе. Бірақ шетел асып кеткен жетімдер мәселесін қайта көтермеске амал жоқ. Алдыңғы жылы Ресей мен АҚШ-тың құқық қорғау органдары «Юнона» қайырымдылық қорының атын бүркеніп, бала сатумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады. Бұл ұйымның Қазақстанға да қатысы бар көрінеді.

   Ресейдің Бас прокурорының орынбасары Сергей Фридинскийдің мәліметі бойынша, Калифорнияда орналасқан «Юнона» фирмасы Ресей, Украина, Қазақстан, Вьетнам, Гватемала, т.б. елдерде тұратын жетімдер жайлы астыртын мәліметтер жинап, бала асырау агенттіктеріне жетімдерді алып сатқан. Әрбір елде балалар үйлерінен ақпарат жинаған делдалдар жұмыс істеген. Өз қызметі үшін агенттік әрбір бала асыраушысынан 10-20 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы жиған. Бүгінде еліміздегі әрбір төртінші жетім шетелдік отбасылардың қамқорына беріледі екен. Соңғы уақытта бір ғана американдықтар 4 мыңнан аса қазақ баласын асырап алған. Бірақ АҚШ-та өмір сүріп жатқан кішкентай отандастарымыздың жай-күйін бақылап отыруға толыққанды мүмкіндік жоқ. Себебі Қазақстанның консулдық лауазымды тұлғалары тек қана Вашингтон мен Нью-Йоркте орналасқан. Сондықтан шетелдегі жетімдердің жағдайы бір Құдайға аян. Мынау тұрған Америкадағы асыранды балалардың жай-күйін қадағалай алмай отырғанда, Африкаға асып кеткен қазақ балаларының жағдайы қалай деп сұраудың өзі күлкілі. Осыдан екі-үш жыл бұрын бір ғана Оңтүстік Африка республикасына 16 қазақ баласы жеткізілген.

  Шетел асқан асыранды балалар мәселесімен Әділет министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Сыртқы Iстер министрлігі айналысады. Бір қызығы, 2001 жылы жетімдер жайлы депутаттар сауалына үш министрлік үш түрлі дерек әкеліпті. Сол уақыт шеңберіндегі санақ бойынша, Әділет министрлігі – 1261, Білім және ғылым министрлігі – 977, Сыртқы істер министрлігі – 736 бала шетелдіктердің қамқорына берілген деп өз деректерін жария еткен. Депутаттар алдында ыңғайсыздыққа ұшыраған министрліктер кейін өзара ақылдасып, ортақ дерек жасапты. Сөйтсе, 1999-2001 жылдар аралығында 1797 бала шетелдіктердің тәрбиесіне берілген. Әлі күнге дейін елімізде шетел асқан балалардың нақты саны мен тағдыры жайлы мәліметтердің жоқтығын ескерсек, жаңа деректер де әрқилы болуы мүмкін. Ал, асырап алынған балалардың басына шетелде үлкен қауіп төнуі ықтимал. Олардың шетелде қорғанышы болмаған соң, балалардың қорғансыздың кейпін киері анық. Кейбір зерттеулерге сүйенсек шетелде жетім балалардың басына төнетін қауіп тізімі көбеюде. Сол қауіптерге біршама тоқталып кетсек.

  Үрейді ұшырған атышулы қауіптердің бастапқысы, өгей ата-аналардың қолынан қаза табу болып табылады. Ол статистика көрсеткендей, шетелдік азаматтар асыранды балаларына қол жұмсауды әдетке айналдырған. Ал, Қазақстаннан асырап алынған балалардың қаншасы аман-есен, қаншасы үйінде жапа шегіп жүргендігі жайлы мәліметтер жоқтың қасы. Шетел асқан балалардың бәрі тірі ме? Бұл туралы да толыққанды ақпар жоқ... қазірше..

 Ал екінші қауіп адам органдарын сататын қылмыстық топқа тап болу.

  Бұл дегеніміз қазір әлемде адам органдарынан қымбат зат жоқ. Шетелдік миллионерлер мен миллиардерлер керекті орган үшін қыруар қаржы жұмсауға әрдайым дайын. Ресейдің ақпарат көздеріне сүйенсек, кішкентай орыс баласының сау органдарын шетелдік азаматқа сатқан қылмыстық топ та анықталған. Орган сату – бизнеске айналғалы бері қылмыстық топтар киднеппингпен (бала алып-сатумен) білек сыбана айналысып келеді. Бұл – үлкен әлемдік проблема. Шетелде тәрбиеленіп жатқан балалардың жағдайын, аман-саулығын білу осы жағынан әсіресе маңызды.

 Сектанттармен асырап алыну.

    Негізінен бүгінде көптеген миссионерлік ұйымдар әсіресе мұсылман балаларын асырап алуды жөн санайды. Бұл орайда жетім балалардың тағдыры мен ұлттық сипаттарының сақталуына ерекше мән беретін елдер де жоқ емес. Түптеп келгенде, христиан дінін ұстанатын халықтар өз жетімдерінің мұсылман болуын, ал мұсылмандар елдегі жетімдердің христиан болуын қаламас еді. Балалардың аттарын өзгертіп жатқан американдықтар олардың діни нанымдарын да өзгертіп жатқанына шүбә жоқ. Олар – таза «американдық өнім» боп шығады. Бұл сәби өміріне қауіп келтіретін үшінші қауіп болса, төртінші қауіп: біржынысты отбасында тәрбиелену. Күллі әлемді өз ығына жығып жатқан демократия азғындаған батыс қоғамының өмірлік түсініктеріне де еркіндік беруде. Батыста біржынысты махаббат қалыпты жағдай ретінде қабылданады.Тіпті, оларға ерлі-зайыптылар ретінде үйленуге де рұқсат берілген. Батыс елдерінде орын алып жатқан осы тектес жәйттер Шығыс ұстанымдарына мүлдем кереғар. Жағдай осылай өрши берсе, күндердің бір күні қазақстандық балаларды асырауға ағым-секталардың өкілдерімен қатар, біржынысты отбасылардың да келуі әбден мүмкін.

  Міне, қараңыз әлгі бала сатумен айналысатын «бизнесмендердің» кесірінен қаншама балалар зардап шегеді. Бұған біз мемлекет тарапынан қандай іс-шараның жасалуын күтсек екен. Әрине, олар «құрғақ қасық ауыз жыртадының » кебін келтірмесе. Ал, қара баланың көз жасын кім құрғатар екен?!

  Жалпы, шежірені мың ақтарғанда таппаған,  тарихта болмаған бұл оқиғаның басталуына кім, не себепші болды? Не деген масқара?! Бірақ заты мен қаны таза «қазақ» шақалақтарын асырап алуды  қалап отырған шетел азаматтарының қалтасының қампиғанына қызығып отырған байлыққұмарларымыз масқараны қайдан білсін, бауырларымыздың жағдайлары  алаңдатпай тұрғанда?! ««ҚАЗАҚ» десең өзіңе тиеді» демекші, өз қолымызды өзіміз кесіп отырмыз ғой. Өзге кесті деген күннің өзінде оларға қарсы тұрар атадан қалған асқақ рух, асау күшіміз бар емес пе?! Әлде, оның да жоғала бастағандығы ма?!  Әй, әйтеуір сыныққа сылтау іздеймізде журеміз-ау.

 Қазақ халқы «Жесірін тастап, жетімін жылатпаған» халық қой. Бауыр етіміз балаларымыздың көз жасына қалып қоймасақ болғаны. Олай істеудің сізге де, бізге де, жалпы қазақ халқына жараспайтын қылық екенін білеміз. Сондықтанда Ойланайық, Ойға алайық.

              Қазағым , сәбилерімізді жылатпайық!

                                                                                                                   Б.С

0
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 11 ақпан 2013, 23:22
Тегтер: Қазақ. сәби. бала.бизнес. тарих

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.