Мектептегі қызықтар немесе Сағындым сені,Сыныптас!!!

Мектептегі қызықтар немесе Сағындым сені,Сыныптас!!!
жеке
блог

Мектеп қабырғасындағы сәттерді еске алсам күлкім келеді. Жалпы бұзық қыз болмадым. Ең әуелі 1 қыркүйекте орыс сыныбына барғаным есімде.  Көршіммен бірге ере барғам ғой,әйтпесе орыстардың арасында не бар маған?!  сыныпқа кіріп қалсам "дәәәәу" орыс апай. Бітті дедім ғой. Қазақ болса тым құрығанда ұқпаған дүниеңді еркін сұрайсың ғой.Ал мынауың таза орыс. Әрең шыдап бір партаға отыра қалдым. Бәрі бастап кеткен сабақты. Әлде мен кешігіп келдім бе түсінер емеспін. "триугольник" деген сөзді түк ұқпадым ғой. үйге жылап ботадай боздап келдім. !Құрысын орыс класың менен "триугольник не деп сұрады не ол мен қайдан білем" деп айқайлап жыладым келіп. Әке-шешем мәз мен ән айтып тұрғандай. Жоламаймын ол сыныптарыңа деп байбалам салдым. Осылайша мені қазақ сыныбына ауыстырды. Егер шынымды айтсам, сол сыныпта қалмағаныма өкінетін сәттерім көп. жай ғана қала салу керек еді деген ой ғой.

Үйтіп-бқйтіп қазақ сыныбына да ауыстым. Бірақ ол жақта да тұрақтап жарытпадым. 3 сыныпты бітіргенде көшетін болдық,алысқа емес. Сол ауыл іші ғой,қалсам да болар еді. Тек қаламадым. 3 сыныптың өзінде сыныптас балдарым өте бұзық болатын. Мен сыпайы қыз болғам ғой ық ық ық. Расымен артық қылықты жақтыра бермейтін ем. кішкентай  сыныптыңғана балдардың қыздарға жасағанына төзе алмастай едім. Қысқасы, бұзықтардан құтылу жолы -осы деп шешкем. Керемет шешім болды. 

4 Сыныптың алғашқы қоңырауын басқа мектепте қарсы алдым. балдары да тәртіпті. Қыздар да жақсы. Мен өзімше "орыс" мектебінен келгем. Шетелден келгендей мұрын шүйіріп қараймын ғой оларға. Сонда мектепте менің көзіме "Шакрух хандай" көрінетін жігіт болды. )))Жігіт деппін ау, ол кезде ол бала ғой. Рас, әр мимикасы, қылығы аумай барады.(( Мен үнді фильмдерінің фанаты болғам ол кездері,қазір ғой суқаным сүймейді.) Өзі пысық,спортқа жақын,ол ұрған доп біреуді өлердей қып ұшып түсірмесе болмайтын,сальто тастағанда Джеки чан есіме түседі. Аяғы жерге тимей айнала береді ғой ...Ол бала маған көөөп тиісетін. Мені "кролик" деп атап кеткен. Айнаға қараймын,вроде ұзын емес құлағым.Өзі де орысшалау еді.  Жақсы баламен 9 сыныпқа дейін оқыдым. 9 сынып мен үшін керемет кез еді ғой құдааай. Бұзық болсақ та ұйымшыл сынып болдық.  тууу қуып кеттім))) Қазір ....Сол әлгі Б есімді бала "р" деген әріпке тілі келмейтін. Мен оның онысын қызық көріп "русская литература деп айтшы" деп қанын ішер ем. Ол жынданады. Мен мәзбін. 

Бұның бәрі есіме түскен себебі ол жігіт 9 сыныпты бітіргеннен кейін мені бір рет қана көріп енді қаншама жылдан соң осы 4 күннен бері "связьда". Сағынысып қалғанбыз. Айтар әңгіме көп. таң қалғаным- менің ауылдағы үй телефонымның нөмерін, мен алғаш келгендегі шаш үлгім ,әр сөзімді жатқа біледі. Мен қашан өзгердім,қашан толып қашан аздым бәрін кешегідей біледі. Күнде сөйлесіп отырып күлеміз "енді танысып отырған жандар сияқтымыз" деп. Бала өскен,сотқар емес бұрынғыдай. Салмақты сөйлеп, ойын анық айтады. Ия, айтқандай,қазақшасы жақсарыпты. Менің суреттерімді көріп мәз. Қатты өзгеріпсің,"еще красивее стала" деп. мақтап мені шелек қылып қояды минут сайын. Күнде смс-хат алысып отырамыз. Міне дәл қазір тағы бір смс келді. "Томпиииии" деп жазыпты. Бір смстегі барлық сөз осы. Қалай күлмейсің...Томпақпын ба не деген ой келген ғой алғаш)))) Бірақ еркелетіп айтқан сөзге мәз боласың да қоясың....

9 сыныптың керемет өткенін айттым ғой. Мен бойжетіп, жігіттермен сөйлесетін уақыт қой. Әлгі сыныптасыммен де сөйлесетінбіз. Кешке хабарласып тұратын. Сол жылы менде нашар әдет пайда болған. Қарсы айтып сөйлегеннің бәрінің бетінен шапалақпен тартып қалатын "отвратительный" қылық туған))). Сол әдетім әлгі жігіттің де ашуын шығарды. Менің ашуыма тигенді ұнататын өзі. Сондай бірдеңе айтып тұрғанда мына жынды қыз бетінен салып жіберді. Ұят-ай. Бетін бері қаратты да "Мені өмірімде ешкім ұрмаған,сен мені бетімнен ұрдың,қыз болмағаныңда аямайтын ем быт-шытыңды шығарып" дегені бар ма .Жұдырық түйіліп тұр. Мен күліп жібердім, күлетін орын да емес қой. Жаным шығып кеткеннен Аузымнан шыққан сөз -" ыыыы кешірші мен білмей қалдым қолым кетіп қалды,енді қайталамаймын" болды. Осылайша шапалақпен шығарып салғам ол сыныптасымды. 

Енді біз бір-бірімізді ешқашан жоғалтып алмауға уәде бердік. сыныптасымды сағынып жүрмін. Түрін білмеймін көрмегеніме көп болды. Фотосына жете алмай жүрген жайым бар. Өзі де суретке түскенді жақтырмайтын "серьезный" жігіт. Бірақ мен үшін деп уәде берді. Ал күтелік. Бастық мырза қаншалықты өзгерген...