Сотқар жиендерім...

Сотқар жиендерім...
жеке
блог

  

   «Бала мен жүрсен бала боласын», - деген сөз бекер айтылмапты. Бір күндік демалыс күнімді жиендермен өткізбек болып Алматы деген алып қаланың бір қиырында тіршілік кешетін немере әпкемнің үійіне тартып отырдым. Жетпіс үшінші бағыттағы автобусқа отырып кете бардым. Арбатты айналып өтіп әпкемнің үйінеде келіп жеттім. Есіктен кіргеннен қос бірдей жиенім мойныма асылғаны. Менде құшақтап базарлығымды беріп бір қуантып тастадым. Жездем жұмыста екен. Алдыма жылы жұмсағын ұсынған әпкем сөз арасында жиенге қарай тұруымды өтінді. Не керек не бәрі 1,5 жасар және 9-айлық қос тентекке   қарап қала бердім. Шешесі барда моп- момақан жиендерім анасы кете адам танымастай өзгеріп өз өнерлерін көрсете бастады. Алдау сыратып істемегенім қалмады. Ат болдым, сиыр болдым хайуанаттар паркын аралатқандай арқама мінгізіп шаптым. Сотқарларым көнер емес, болмаған соң агенке кіріп көрінген адамға мульт жібердім. Тіл балдай бузығым «ду-ду» дейді. Сөйтсем ол «су » деген сөзі екен. Не керек 3-сағат ішінде 3 күнге қартайғандаймын... тілінде түсінбеймін... Жиендерім-ай...