жеке
блог

Ақынның туылған күні балалықты еске салды...

Мұқағали Мақатаев

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің туылған күні. Ақынды еске алып, ақын жайлы ойлағанымда, ойыма өз балалығым есіме түсті. Бұрындары мектеп қабырғасында оқып жүргенімде, ақынға арнап мынадай жыр шумақтарын жазған едім, бүгін оқып Мұқағалидысоншалықты жақсы көріп, ақын болғым келген екен. Ұйқассын, ұйқаспасын жазыппын әйтеуір)))

Мұқағалиға арнау

Мен сүйемін Мұқағали ақынды

Әрбір жолын, өлеңдерін сарқынды.

Ол мен үшін ұлы ұстаз өнерлі,

Тәнті еткен өлеңімен біздерді.

Өлеңдері ағып жатқан бұлақтай

Кәусар маржан, алтын менен жақұттай

Жырлары бар жүректерді тербеткен

Мұқағали ақынға қарап мен өсем.

Мұқағали махаббатты шыңдатқан,

Аққуларды тебіренте жырлаған

Айдын көлде қол ұстасқан аққуды

Махаббаттың белгісі етіп сыйлаған.

Қуат алған ұлы Абай ақыннан

Ұстазының дәстүрін ол жалғастырған

Ұрпағына үш бақытын сыйлаған,

Тілім, халқым, отаным,- деп жырлаған...

Үлгі алайық Мұқағали ақыннан

Әр өлеңін біздер үшін арнаған

Қадірлейік ақындардың жазғанын

Ұрпаққа келер мұра етіп қалдырған!

                                                 Г.С

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі