Футболды сүйетін қыздар

Футболды сүйетін қыздар
жеке
блог

Бар ма өзі олар? Жоқ, мен мұнда “красааавчик Криштиану ойнаған соң” немесе сүйіктісінің көңіліне бола футбол қарайтын қыздарды айтып тұрғам жоқ.

“Қызылға жақсың ба, көкке жақсың ба?” деген сұрақтарымен жүйкені жұқартатын (өздерінің айтуынша) әйелден гөрі, матч алдында сыра әкеп беріп, таңғы төрттегі “Гооооооооол!” деген гүжілдеген дауысқа түсіністікпен қарайтын келіншектерді армандайтыны рас көп жігіттің. Хммм… негізі ондайлар бар.

“Менің командама менің қолдауым қажет, қандай да бір “Қыздар көретін спорт емес ол” деген сөздер үшін сүйікті “Қайратымды” қалдырып кете алмаймын.” Бұл менің құрбым Алуаның айтқаны.

“Футбол – өмір мен өлімнің мәселесі деп ойласаңдар қателесесіңдер. Футбол одан да маңызды” деген екен. Осы сөзді жүрегінің қақ төріне билборд қып іліп қойған қыздардың бірі – біздің топтағы Мөлдір. Арамыздағы футболдың иісі мұрнына баратын жалғыз бойжеткен. “Реал” мен “Ордабасының” қызу жанкүйері. Құрама ойыншыларының атын шатастырғаны үшін кейбір ұлдардың ит терісін басына қаптап беріп жатқанын талай көргенбіз. Вобшым, бұл да футбол туралы түс көретін қыздардың бірі.

Сіздердің ойларыңыз қалай?

ПыСы. Алуа мен Мөлдірдің нөмірін менен алуларыңызға болады :) (әзіл)