САЛТАНАТ

САЛТАНАТ
жеке
блог

Тар қолтықтан оқ тисе, суырып алар қарындас, – дегендегі жан кім десеңіз, Салтанат дер едім. Салтанат – менің, жалғызым! Өліп бара жатсаң аузыңа су тамызатын Суқұйғыш та осы – Салтанат. Тіпті, қатты жақсы көретінім сонша, ғашықпын десе де болады. Иә, солай, Салтанаттан қазақ аруына қатысты барлық қасиетті аңғаруға болады. Жік-жапар болатын мінезіне қарап – әжем, қамқор көңіліне қарап – анам, үмітті тілегіне қарап – әпкем, назды қылығына қарап – қарындасым еске түседі. Бұған, іңкәр сезіміне қарап – ... дегенді де қосуға болады. Ой, бұл көп нүкте құлағына тисе бірінші Әбекем қуанып қалатын шығар, қайдам, ол да алжасқан шығар ендігі ). Қайтем, жүрек кең. Махаббатым да қазақтың кең даласы, табиғатындай десең ).

Қазақы махаббат демекші, баяғыда бір бейбақ еңірегенде етегі жасқа тола, жоқтау айтып отыр дейді:

- Ууу.., Бір қылығың еске түскенде,

Молаңның басына барып, өлгім келеді.

Енді бір қылығың еске түскенде –

Тереңірек қазып, қайта көмгім келеді, - деп.  

- Екі дүниеде оңбассың Бигелді, оңсаң хор қыздарының жанынан табыларсың! ))

Жырымыз да бір болатын,

Сырымыз да бір болатын.

Көктем сайын гүл теретін –

Қырымыз да бір болатын, – қымбатты құрбым, Салтанат!

Туылған күніңіз құтты болсын!!!