Республикалық гвардияда «дөңгелек үстел» өтті.

Республикалық гвардияда «дөңгелек үстел» өтті.
жеке
блог

2013 жылдың 23 қаңтарында, 0112 әскери бөлімінің аумағында, Республикалық гвардияда «дөңгелек үстел» өтті. 

Дөңгелек үстелге 0112, 0116 әскери бөлімінің жеке құрамы қатысты, қонақ  ретінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессор – оқытушылары: «Евразия» ғылыми-практикалық институтының директоры, т.ғ.д., профессор Қабулдинов З.Е., Мемлекеттік елтаңбаның авторы, еңбек сiңiрген архитектор, Л.Н.Гумилев атындағы  ЕҰУ профессоры Мәлібеков Ж. М., Орталық ҚРҚК  «Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпиталь» директоры Абдулин А.А., Л.Н.Гумилев атындағы  ЕҰУ  халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор  Қажырова С.Б.,  ф.ғ.д., Л.Н.Гумилев атындағы  ЕҰУ профессоры Темірбеков О.Ж. болды.

 

Тәрбиелiк және әлеуметтiк-құқық жұмыс қызметтiнің басшысы, Республикалық гвардия майоры  Жанаргуль Ешентаева сөйленген сөзінде «... гвардиялықтардың  ел дамуына үлестерін қосып жатқанын, Республикалық гвардияның әскерлері біздің алдымыздағы тапсырманың жауаптылығы мен маңыздылығын түсіне отырып, ҚР егемендiгі мен конституциялық саланың қорғанысы бола алатынын, Президентімізбен халықтың сенімін ақтауға кез келген уақытта дайын» екенін сызып айтты.

«Евразия» ғылыми-практикалық институтының директоры, т.ғ.д., профессор Қабулдинов З.Е. «ел Президенті - халық көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев, өз жолдауында шын мәнінде заманалық және тағдыршешті ойлар айтты. Олар уақыт пен кеңiстiкті озады. Бiздiң мiндетіміз - iс жүзiнде бұл ойларды өмiрге келтiру» деп белгілеп кетті.

Еуразиялық университетінің оқытушылары президенттiң жолдауы -  мәндiлiгi маңызды құжат екенін көрсете отырып, маңызды баяндамаларымен сөз сөйледі. Сосын қызығушылық танытқан тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Одан басқа, әскери қызметкерлер мен Республикалық ұландар арасында өткен байқаудың Президент жолдауына арналған  «Тәуелсiз және сенiмдi Қазақстан»  деген тақырыпта ең жақсы жазылған авторлық шығармалар  жеңiмпаздарын марапаттап, қорытынды жасады.

Бұл байқау мемлекет басшысының жолдауынан кейін, бұл құжат талқыланғаннан соң жарияланған болатын.

Бұл шараның мақсаты Республикалық ұланның әскери қызметкерлерiнің әскери- патриоттық және рухани тәрбиесін белсендi дәріптеу мен Президенттiң жолдауын кең насихаттау болатын.

Бас жүлде:  ұлан батальонның 0111 әскери бөлiмнiң командирі,  үлкен сержант, «Жолдауға қолдау»  өлеңінің авторы Ж.Ә.Шытырбаев (бағалы сыйлық - СК теледидар);

1-ші орын: ұлан батальонның салтанатты ротасының атқышы 0111 әскери бөлiмнiң қатардағы жауынгері, «Менiң туған үйiм» өлеңінің авторы М.В.Көкеев (10 тәулiктік қысқа мерзiмдi демалыс, бағалы сыйлық - ұялы телефон);

2-ші орын: ұлан батальонның №2 комендатура взводының командирі 0112 әскери бөлiмнiң  аға лейтенанты «Арманға, алға өрлесек!» өлеңнiң авторы К.К.Ахметов (бағалы сыйлық - СК теледидар);

3-шi орын: жедел тағайындалу БТР-80 ротасының нысанашысы  батальонның жедел тағайындалу 0111 әскери бөлiмнiң қатардағы жауынгері, «Тәуелсiз және сенiмдi Қазақстан» өлеңінің авторы А.Б.Кемалашев (10 тәулiктік қысқа мерзiмдi демалыс, бағалы сыйлық - ұялы телефон);

Одан басқа, «ең көзге түскен автор» номинация бойынша 10 адамы бағалы сыйлықтармен марапатталды (электр - тұрмыстық жабдықпен). Сонымен қатар, белсенділік танытқандары үшін барлығы мақтау қағазымен марапатталды. Республикалық ұлан баспаханасында «Тәуелсiз және сенiмдi Қазақстан» деген атпен осы байқаудың ең үздік шығармалары топтастырылған жинақ шығарылды.

Назарларыңызға Шытырбаев Жанат Әбділдаұлы «Жолдауға қолдау» атты авторлық шығармасын ұсынамын.

Жолдауға қолдау

Қазақ елім қасиетті киелі,

Ұрпағы оның бұл Отанды сүйеді

Тарихы кең,тамыры терең Қазақтың,

Менде ертең бола аламын тірегі.

 

Болашағым айқын менің себебі,

Азулы елмен тереземіз теңелді!

Елбасының Алаш елге жолдауы,

Болашақты айқындап ақ береді.

 

Шабыт беріп жастарыма бұл жолдау,

Табылады халықтанда бір қолдау.

Бірлігіміз жарасқан біз ұлы елміз

Жасаймыз тек өркендеуге нық таңдау.

 

Елу елдің қатарынан тақты алдым,

Екі мың елу бағытына бапталдым.

Ең дамыған отыз елге қосылып,

Бұл жылды да тарих қылып сақтармын.

 

Көк байрағым жер әлемді шарлады,

Осы күндер ата-баба арманы.

Елбасының жолдауларын ту етіп,

Кәміл  сенем күндеріме алдағы!