Жатақханадағы жалқаулық

Жатақханадағы жалқаулық
жеке
блог

(Екінші жақ, сыпайы түрінде жазылған қойын дәптерімдегі ескі жазбам)

     Ағыл-тегіл тоқтаусыз жүріп жатқан сағат тілі секундтап, муниттап, одан қалса сағаттап «уақыт» деген алып кемені алға сүйреп бара жатыр. Артына қарап кеше ғана мынадай еді ғой деп кейінгілерге көз тастап, өзіңіз алға жылжып бара жатқаныңызды сонда бірақ аңғарасыз.  Алайда, осы алға жылжуда не мән бар дегенде, ойланып бір қарап, ұлы Абайдың қара сөзінде айтқан өз-өзіңнен есеп алу керектігіне тоқталмасқа шара жоқ. Содан  шығарған қорытындысынан ұялып, кірерге тесік таппайсыз.  Әсіресе, жатақханаға кірген бойда жалқаулық басып алатындай. Жалқау болу бірпәсте,  одан арылу әстәсте екен ғой. Кейде отырып, барлығы уақытты дұрыс пайдаланбағаннан ба деген ой да туады. Таңертең 7—15-те оятқыш құлақ түбінен шырылдап, мазасызданғаннан соң еріксіз тұрасыз, одан кешіксеңіз, жуынатын есік алдындағы кептеліске қалып қалуыңыз мүмкін, оған тап болмас үшін  бөлмеде ерте оянып, өзгелердің оятқышын өшірумен жүресіз. Шай ішіп, киініп, қыз болғаннан соң өзіңе қарамасаң да  біртүрлі, әйтеуір үйтіп-бүйтіп,  секцияның алты қызы топырлап сабаққа кетеді. Кешігіп шықсаңыз жатақхана мен оқу корпусының арасына одан бекер алыстап кететіндей. Студенттер арасында сол жолды «Ұлы жібек жолы» деген ат қойып, «бұл жолмен кімдер жүрмеді дейсіз!» деп  қалжыңдасып қояды.     Арасында сіз де жүресіз. Оқу орнының түбінде тұрып кешігу ұят нәрсе, сол ұяттан отына тап болмас үшін, тездетіп жуфактың есігін ашасыз.  Тіпті де, төтесінен корпуска тал арасынан тапталған құм жолмен студенттер төтелей жөнеледі. Университеттің ішінде жүріп уақыт деген өтіп кеткенінде байқамайсыз. Сабақтан соң оқу залына кіре қалсаңыз, уақыт тіпті де жетпей қалады. Тар оқу залында кірген есіктегі адамды еріксіз аңдумен  не отыра алмай, не кітапқа қарай алмай, уақыттың зулап сағаттап өтіп кеткенін аңғармайсыз. Одан қалса іштегі бос асқазанда ит ұлып, тыныш отырғызбайды сізді. Содан кеткен уақыт, кете береді. Айналып келіп сары жатақханаға кіресіз. Кірген бойда жалқаулық кежегеңнен кері тартып тұрады. Содан төртінші қабаттан түспейсіз, не шықпайсыз!..  Бірақ шықпаған да тірлік біте ме? Жо-жоқ, қазір сегізде жатақханада боламын, содан бірге дейін тек сабақа жасап жеке отырамын деген ойдың күл талқыны шығып кетпеуіне кім кепіл. Біреу-міреу есік қағып бас сұғып, қал-жағдай сұрап бір зат алып кетеді. Үлкендер айттатын тамақ ұрлау жатақханада жоқ болса да, бір адамның уақытын бірі ұрлайтындар жиі кездеседі. Әркімнің қалай тұруында деп үйретіп жіберген ата-аналарыңыздың ақылдары  расында алдыдан шықты сізге. Бірақ көпшілікің қызығы мен шыжығы да көп кой. . . Бірі келіп-бірі кетіп, төрт қыздың басы қосылғанша, 9-ға таяйды уақыт. Содан сабаққа кірісесің, «тук-тук» сіздің есігіңіз қағылды,сыртынан бір қыз сізге емес, бірақ сіздің бөлмеңізде тұратын бір қызға келді, қанша назар аудармайын десең де , көңіл алаңдап отырады. Ол кетеді, содан біраздан соң, басқасы басқасына,,, төрт қызға кешке бір бір адамнан келгеннің өзінде  әр қайсысы 10 минуттан бір сағат кететінін білмейді қаласыз.Сырттағы машина музыкалары, күлкі, ән салғыш студенттер, әне  10-нан асты ал сабақтар күтіп отыр сізді.... Оқу Солай отырып, жасап отырғаныңда 11 таяғанда «әлгі старостылар, вахтерлар келеді» мақсаттар бөлмеден қоқыс тексеріп тауып алып, тапқан бөлмелерін тізімге жазып алмақ. Тіпті, кейде түсінбейсіз, ерте төгілген қоқысқа, олар келгенше тағ да тастайсыз, сол бірнеше қоқысты  көргең бойда тазасыз, лас тұратын қыздарға айналып шыға келесіз.  Күлкілі, бірақ оған да бой үйреніп кеткен... Әсіресе, перваш кезде қиындау еді қазір бір жылдық стажы бар анша-мұнша адам бас сұға бермейтін старшаксыз. Кейде барлығын тастап қараңғы болса да жатақхананың оқу бөлмесіне кетіп қалғыңыз келеді.Алайда ол жақта да тыныштық табылуы екіталай. Міне, сағат 11-ден асты. Сіз отырсыз бір сабақты құшақтап, ұйқы қысқаннан көз деген ашып барады, әл кетті, шаршадыңыз, әйтеуір   11-де жатақхана есігі жабылғанда ғана даладағы әндеткіш бұлбұлдар да, шулаған күлкілер де тиылып тыныштық орнайды. Себебі барлығына ертенгі күн естеріне түсті, Сол тыныштықты пайдаланып мұғалімдер берген тапсырманы орындап біттім дегенше, сағатқа көз салсаңыз, 2-ден асады. Танертенгі оятқыштарды қойып жата кетесіз... Бәлкім бұл жатақханадағы сіздің жалқаулығыңыз, уақытты дұрыс пайдалана алмағаңыз шығар.

   Әйтсе де,  бұл да бір студенттік күндердің қайталанбас кездері болар Әйтеуір, ауылға бір аптаға демалысқа бара қалсаңыз, жатақхананың сол шулағанын, тынымсыз қағылатын есікті сағынып тұрасыз...