Қанды қол дәрігер.

Қанды қол дәрігер.
жеке
блог

       Қайсар терезеге телміріп ұзақ отырды. Сыртық дарбазаның қақпасы қарс ашылып көптен күткені адамы кіріп қуантатындай. Бірақ, күткеніне алты ай болсада оның күткен адамы қайта оралмады. Қайсардыңда келер деген үміті сарқылғандай. Ол өзгені емес, өзінің жары Сараны күтті. Ия, құлай ғашық болып, жар еткен Сарасы. Ол осыдан алты ай бұрын дүниеден өткен.

       Ол өзгелерге ұқсап ауыр дертті болмады. Бар болғаны өмір атты бақшаға жаңа бір үміт, жаңа бір шаттық, жаңа бір тіршілік иесін әкелмек ниетпен жүрген. Саят пен Жазирадан кейін олардың ізін жалғар ізбасар әкелмек еді. Бірақ, бәрі көреген түстей көзден ғайып болды. Ия, Сара перзент үстінде дүниеден өтті. Аллаһтың оған аманат еткен парызын орындады да көзін мәңгілікке жұмып, бақилыққа аттанып кете барды.

       Оның ажалына себепкер өзге емес, ақ халатты абзал жандардың өзі болды. Перзентін аман – есен босанамын деп барған жас ананың денсаулығына нем құралы қараған дәрігерлер Сараға шектен тыс наркоз еккен. Сараның нәзік жүрегі ауыр салмаққа төзбестен мәңгілікке тоқтап қала берді.  Адамның ажалына араша болу орнына, ажалдың жетегіне еріксіз жетектетіп жібергені. Айыпты жандар өз айыбынан бастартып, Сараның ажалын егілген наркоздан емес, арагідік сыздап коя берер бүйрекке артқаны. Үміті үзіліп, бұлағы су алғандай үш бірдей бүлдіршінімен бірге аңырап Қайсар қала берді.

     Бүгін Сара түсіне тағыда енді. Бұл жолы тым мұңлы. «Сені сағындым Қайсар... Келші... Жаурадым...» Бұл сөздер Қайсардың санасында сайрап тұр. Мұнан әрі кешігу болмас. Мен бара жатырмын жаным Сарашым... Қайсар кенет орнынан көтерілді де,  бағанаға қарап бастап бара жатты. Аз ғана уақыттан соң Қайсардың өлі денесі бағанада асылып тұрды... Оның жаны өз сүйгенімен қауышпаққа асықты...