Сәт келді

Сәт келді
жеке
блог

                                               Сәт келді...

Саябырсып  қалғандай  сарбаз  дала,

Серт байласқан секілді  серке белмен.

Сұрбойдақ жел  кезіп жүр  сәл наздана,

Сесін алып  ортаға ерте келген.

 

Әдемілік баурады  әсте  мені,

Әрекетке бастады  еркімді алып.

Әлемімнің  көзіне жас келеді,

Әріптерде  тұрған соң сертім қалып.

 

Тереңдікке түскен соң, шығу-қайғы,

Тапқырлықты қалайды талап бірақ.

Төрт жағымнан төрт дауыс шуылдайды,

Тынышымды бұзуды қалап тұрад.

 

Күрсіністер келтірген  күлкіме  алаң,

Көздерімде ой  тұрар аппақ ар боп.

Кәусар өлең  кеп жатса түртіп алам,

«Кітапшамда мәңгілік сақталар» деп.

 

Елеңдеткен  ерке мұң  ерте мені,

Елес қуған  түнімнің ермегі-өлең.

Есі кетен  жүректің  серті өледі,

Еш өкпесі айтылмай елге деген.

 

Лағыл мұңым маңдайда бес елі еді,

Лезде мені сезімдер құлатты  анық,

Лебіздерім  үмітті еселеді.

Лүпілінен жүректің қуаттанып.

 

 Дараланса  төрдегі төл өнерім,

Дертім осы асқынып, басылмайды.

Дес берместен ешкімге қара өлеңім,

Дірдектеген жанардан жас ұрлайды.

 

Ізденістер қалайды тоқтамауды,

Іңкәр Әлем, осыған бұршы мойын,

Ізгілікке бет бұрып ақ таң ауды,

Іліп кетіп қарт түннің тылсым ойын.