Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / "Білмеймін"

"Білмеймін"

Осыдан бірер жыл бұрын өте білімді әрі асқан салиқалы бір кісіден дәріс алып жүретінмін. Онымен әңгім-дүкен құрған, пікір таластырған қатты ұнайтын. Ол кісінің өсиеттері мен қанатты сөздері мені әлі күнге дейін тәрбиелеп келеді. Бірде ағай:

 - Айгерім, сіз үшін әлемдегі ең жақсы сөз қандай сөз?,- деп сұрады.

Масқара-ай! Сенесіз бе, сол күнге дейін бұл туралы ойланып көрмеппін)) Абдырап қалғанымды білдірмегенсіп;

- Ііііі... "Рахмет" шығар, - дедім.

Ол кісі әдетінше жай ғана жымиып алды да:

- Ойланып көріңізші, - деді.

- Мүмкін, "кешіріңіз?"... Жоооооқ, "мама", оооой, "ана" шығар?

- Әрине, сіз айтқан сөздердің жаманы жоқ, бірақ сізден тағы да ойланып көруіңізді сұрар едім, сіз ол сөзді білесіз - деді.

Ары ойланып, бері ойланып жауабын таба алмадым. Ағай жауабын мәлім еткенде кірерге тесік таппастан ұялғаным-ай) Онан бері қаншама уақыт өтті. Ол сөз мен үшін қашанда қадірлі, қашанда ұлы болып қала бермек.(Сіз ше? Сіз әлемдегі ең жақсы сөз туралы ойланып көрдіңіз бе?)

                                                       *****

Жарайды, негізі айтпағым "жақсы сөз" туралы емес еді, жааай кіріспесі болсын дегенім ғой. Кеше осы оқиға есіме түсіп, біраз ойландым да, пост жазайын дедім:

Сол кезде қазіргідей ақылым болса, "кешіріңіз, рахмет, ананың" қатарын "білмеймін" деген сөзді қосар едім. Рас айтам! Қазекең "Білемін деген көп сөз, білмеймін деген бір сөз" деп бекер айтпапты. Бір сөзді айтудың орнына көп сөзді айтамын деп жаныма аса жақын бір жанды қатты ренжітіп алдым. Неге сонда "Білмеймін" дей салмадым деп бармағымды тістеп әлі отырмын...(( Кешіре алар ма екен?

Бүгінге дейін "білмейміннен" жек көретінім болмап еді. Туған әпкем Алтынайдың, алғашқы махаббатым "А"-ның, сыныптас құрбым Әселдің, құрбым Гүлназымның, көрші жеңгейдің - бәрінің де сүйікті сөздері "Білмеймін" еді. Алтынайдың көп айтатындығы соншалықты "Уйййй, Өмірді білетінің бар ма өзі, атыңды білесің ба" деп ренжіп, кейде жылап қалатын кездерім де болған. Өзімнің тарапымнан осы сөзді айтпауға барынша тырысатынмын. Біреудің пікірін сұрағанымда "Білмеймін" деген жауап алсам, қаным қарайып сала беретінмін)))

Сөйтсем, "білмеймінді" айта жүрген де дұрыс екен...

43
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 05 ақпан 2013, 09:18
Тегтер: білмеймін, әлемдегі ең жақсы сөз, сөз

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.