Бендиден әлем чемпионатын тамашалайық!

Бендиден әлем чемпионатын тамашалайық!
жеке
блог

 

Алматыға Ақ Азиаданың рухы қайта келді. Оңтүстік астана допты хоккейден әлем чемпионатын өткізуге дайын. Жергілікті билік өкілдері алдағы жексенбіде басталатын дүниежүзілік доданың дайындығын соңғы рет бір пысықтады.

 

 

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі мезгілде чемпионатты ұйымдастыру комитеті мен осы шараға жауапты қалалық қызметтер сақадай-сай. «Медеу» биік таулы спорт кешенінде мұзайдынның сапасы талапқа сәйкестендірілген. Спортшыларға, қазыларға, ақпарат құралдары өкілдері мен көрермендерге арналған аймақтар да дайын. Киімілгіштер мен жуыну себезгілерінің де міні жоқ. «Медеу» айдынымен бірге, қосалқы алаң ретінде пайдаланылатын Орталық стадионның мұзы да жарыс өткізуге әзірленіп қойған. Жергілікті билік өкілдері әлем біріншілігін жоғары деңгейде өткізу әр алматылық үшін абырой деп санайды. Еске сала кетейік, бендиден әлем чемпионаты қаңтардың 29-ы мен ақпанның бесі аралығында өтеді. Оған Швеция, Финляндия, Нидерланды, Норвегия, АҚШ, Жапония, Канада, Венгрия, Эстония, Латвия, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Қазақстаннан 14 команда қатысады. Допты хоккей чемпионаты дүниежүзі бойынша осымен 55-ші рет өтпек. Соның ішінде, еліміде оны тұңғыш рет ұйымдастырып отыр.

Ойындарды тамашалау ақылы, командалардың топтарына қарай билет құны 200-500 теңге аралығында болады. Екінші деңгейлі командалардың ойыны Орталық стадионда өтеді. (Әзиздің айтуы бойынша)