Керзі етік

Керзі етік
жеке
блог

Ауылдағы ат үстінде жүретін ағаларымыз қысы-жазы аяқтарынан керзі етігін тастамайды.Ондағылары аяқтарын үзеңгі қажамас үшін болар бәлкім. Бірақ, менің айтпағым басқа еді.
Бала кезімде маған да керзі етік сатып әперді. Өзіміздің елде шыққан. Табанында «ЖАМБЫЛ» деген жазуы бар, жоғарыдан төмен қарай жазылған. Сірә, Жамбыл жақтағы аяқ киім фабрикаларының бірінен шықса керек. Не керек, жап-жаңа етігімді киіп алып сыртқа шықтым. Үлкендер анадай жерде соғымға жылқы сойып жатыр. 6-7 жасар кезім. Қарға түскен ізіме мәзбін. Анықтап қарасам табанымдағы жазу қарға анық түспейді екен. Үлкендер жаққа жүгіріп бардым да «Менің етігімнің астында жазу бар. Сол қарға толық түспейді „АМБЫЛ-Амбыл“ деп қана түседі» дегенімде үлкендердің неге бұттан кете күлгенін кейін түсіндім.