Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Әйел туралы

Әйел туралы

Әйел туралы

 

 

Мен    әйел туралы өз ойымды емес,көпшілікке танымал Әзілхан Нұршайықов аға кітабының    кейіпкері Ербол сөзімен жазуды жөн көрдім:                

 

«Неге екенін білмеймін, мен әйелдер туралы олардың жаратылыс табиғатындағы мәңгілік мазасыздық жайында кәбірек толғанамын. Кейде менің әйелді түнгі бөлмеде маздап жанып тұрған шыраққа теңегім келеді. Олай дейтінім, шырақ бүкіл бөлмеге сәуле шашып, нұр таратады. Соның жарығымен үй ішінің күндізгі тіршілігі жалғасып,  шаруасы істеліп, реттеліп жатады. Сағат сайын шырақтың майы сарқылып, біткеннен кейін "ал, маған риза болындар" дегендей кеудеден ақтық рет дем шығарғандай бір дір етеді де шырақ сөнеді. Ол жан-жағына үздіксіз жарық шашып, қараңғылықты қуалаумен бар өмірін өткереді де, мәңгі өшеді.

  Байқап, барлап қарасақ, әйелдің де өмірі осыған ұқсайтын сияқты. Бой жетіп, босаға өзгертіп, басынан қыз дәурені кеткеннен кейін ол қызметке тұрады, жұмысқа орналасады. Біраздан кейін балалы-шағалы болады. Одан соң қызмет, күйеу және баланың ғана қамын ойлап, бар жанын соларға  салып, дедектейді де жүреді. Кешке, артынып-тартынып жұмыстан келе сала, білекті сыбанып жіберіп, үй ішіне ас әзірлейді. Көпшілік еркектер түз шаруасы, кеңсе қызметінен келгеннен кейін , жығылып қалмау үшін дөңгелек үстелді жағалаган жас баладай болып, диванды төңіректейді. Мен мұны ауылдан да көп көрдім, қаладан да байқадым. Ал әйел оған мүлде қабақ шытпайды, балаларының  бетінен бір-бір иіскеп алып, үй ішін күміс күлкіге толтырып, жайраңдап, жарқылдап жүре береді. Мен осының бәрі әйел жүрегіндегі шексіз махаббатқа байланысты-ау деп ойлаймын. Меніңше , әйел махаббаты-ең күшті махаббат. Еркектер әлімен күшті болса, әйелдер махаббатымен мықты. Әйел махаббаты әлемнің тұтқасы. Мен осылай деп түсінемін. Әйел махаббатының күші жердің тарту күшінен кем емес-ау деп ойлаймын.

   Мінеки, әйел деген осындай ерекше еңбекші жұрт. Ол дүниеге өмір таратады, қоғам игілігіне еңбегімен үлес қосады, семьяға қуаныш әкеледі. Сол үшін ол қарлығаштай лыпып,  ешқашан тыныш таппайды. Бұдан басқа    тіршілікті      ешбір әйел өмір деп түсінбейді. Біз де бір  күні семья құрып апа-аналарымыздың мәңгілік кәсібіне кірісеміз-ау   әлі..

   Семья-мемлекеттің негізі. Біздің мемлекетіміздің-азаттықтың, әділдіқтің, адамгершіліктің Отаны. Семьяға адалдықтың  үлгілі  де  елден       елге, ұрпақтан   ұрпаққа  бізден  тарауы керек. Сондықтан мен ерлі-зайыпты адамдардың         жұптылық    салтын, адалдық заңындай ардақтап, бұлжытпай орындауын қалаймын. Әйелдің жүрегіне жара түспесе екен, ол әрқашанда бақытты, қуанышты бола берсе екен  деймін. Барлық  әйелдің  жары   ақ  көңіл    адал    болса екен, олар   әрқашан әйелдерін қадірлей   білсе екен  деп  тілеймін»

 

 

15
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 02 ақпан 2013, 20:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.