Кезексіз кезі келген - Кезексөзім!

Кезексіз кезі келген - Кезексөзім!
жеке
блог

 

Егер уақыт машинасы болса, қай жылға саяхаттап, қай оқиғаны түзер едіңіз?

 

Балалық шағыма барар едім, мектепте қиын сабақтарды қайтадан оқып шығар едім ерінбей))

 

Ең жүйкеңізге тиетін не?

 

Жүйкеме тиетін нәрселер көп, бірақ соларды жарты сағат өтпей ұмытып кетем.

 

Егер "Джинн" келіп, үш тілегіңізді айтыңыз десе, қандай тілек айтар едіңіз?

 

Бір ғана тілегім бар: Адамзаттың АРМАНДАРЫ орындалсын!

 

Сіз ұнататын жұлдыз бір қасықпен тамақ жеп, сол қасықты жумай сізге берсе, сол қасықпен тамақ жер ме едіңіз?

 

Сонда даяшы екеумізге бір ғана қасық берген бе?)) Бұл өзі қандай мейрамхана десең иә))) Онда бірінші мен жеп алайын, сосын сіз жерсіз десем, жұлдызым не дер екен?)))))

 

Қалаған үш елге тегін барып келуге мүмкіндік болса, қай елге барған болар едіңіз?

 

Америка, БАӘ, Италия

 

Ең жақсы көретін афоризміңіз?

 

Жақсы көріну үшін жақсы болма, жақсы болу үшін жақсы бол! (с)

 

Жұлдыз жорамалға сенесіз бе?

 

Физиогномияға сенем)

 

Сіз темекі шегіп тұрсыз, артыңыздан әкеңіз келіп қалды. "Ұлым/қызым, мұның не?"-деді, не істер едіңіз?

 

Енді ол үшін мен темекі шегіп көруім керек шығар, көз алдыма не айтсам екен деп елестету қиын екен))

 

Сізге таңдау келіп қалды: туысқандарыңыз және махаббатыңыз. Кімді таңдайсыз?

 

Шынайы махаббат ондай таңдау ұсынбауы керек деген ойдамын. Ондай жағдайда сөзсіз туысқанымды таңдар едім. Себебі, сезімнен биік үлкен нәрсе АТА-АНАҢ, бауырларың..

 

Сіз әншісіз, концертте үлкен сахнада ән айтып тұрсыз. Кенеттен құлап түстіңіз, сіздің әрекетіңіз?

 

Алғаш сахнаға шыққанымда оқып тұрған өлеңімді ұмытып қалғаным есіме түсіп кетті ғой)) Сонда қалтамдағы бір параққа жазып алған өлеңімді алып, келген жерімнен оқып шықтым. Жарыс соңында бірінші орынды алып қайттым. Сол секілді, орнымнан тұрып қайтадан келген жерімнен әнімді айтып шығар едім.)

 

Тәәк, мына таяқшаны алғыларың келсе алып жаза беріңдер!)))