Танысу анкетасы

Танысу анкетасы
жеке
блог

Сәлем, достар! Қалайсындар?! Аман-есенсіңдерме?) Мен көп болды осы массагетке жазба жазбағаныма, енді сол жазбаларымның орнын толтыруға бірінші танысу анкетасынан бастайын деп отырмын. Кейде жұмыстан қолым босамай, массагет ауылына соғып кетуге жолым болмайды...Ал ендеше бастайын...

1.      Өзің жайлы қысқаша мәлімет

Сабитов Бақытжан Сарсенбайұлы - 6 қарашада 1990 жылы туылғанмын. Киелі жер, әруақты 362 әулие қорғаған Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында тұрамын. Осы қалада туып өстім. Қазір мамандығым бойынша бір кәсіпорында жұмыс жасаймын. Мамандығым - экономист.

2.      Хобби

Волейбол ойнау, Баскетбол ойнау, жалпы спорттардың барлық түрін жақсы көремін футболдан басқасын)) әсерлі де мұңды әндерді тыңдау, қызықты комедиялық киноларды көру, қызықты кітаптарды оқу, әсіресе, махаббат жанрларын қатты оқығым келеді.)))

3.      Қай елге саяхат жасағың келеді?

АҚШ-қа саяхаттап барғанды және Австралияға барғым келеді.

4.      Егерде осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса кім болып келер едің (құс, жануар, жәндік, планета)? 

Әрине, бірден адамның кейпін таңдар едім)

5.      Өмірлік ұстанымың немесе жиі колданатын нақыл сөзің?

1) Бүгін сағы сынды деп жақсыны басынба, Қиын қыстау күн туса - сол табылар қасыңнан.

2) Жүгірген алмайды, 
    Бұйырған алады 
                            Оралхан Бөкей                                                                                                                            

6.      Алғаш рет кіммен қайда сүйіскенің есіңде ме?

Әрине, есімде)

7.      Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Қатты ұнататын адамым бар)

8.      Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумир), неге ол адам?

Шет елдерінің әншілерін ұнайды, себебі, оларда ешқандай жасандылық жоқ. Ал, біздердің қазақ әншілеріне келсек, олар тұңып тұрған жасандылықтар.

9.      Сүйікті спорт түрі?

Валейбол, ер бала болсамда футболды ұнатпаймын!

10.  Сүйікті кино? Неге дәл осы кино?

Маған қорқынышты кинолар қатты ұнайды.

11.  Үйде кім басшы? (болу керек деп ойлайсың)

Ер адам болуы керек, бұлай болу заңдылық!!!

12.  Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Үйдің кірісі мен шығысын бақылап отыру анамызға тиісілі деп ойлаймын. Себебі, анамыз бәрімізді ойлап, жетпегенімізді жеткізіп, жеткенімізді асырып, үнемдеп отыратын осы Аналар ғой.

13.  Егер сіздің сүйіктіңіз басқа мемлекетке кететін болып ұйғарса, сізді өзімен шақырса барар ма едіңіз?

Амал қанша....!!! Қанша сүйіп тұрсанда, туған жерімді, ата-анамды тастап кетпес едім.

14.  Адамзаттың бұл дүниеге келуінің мәні неде деп ойлайсыз? 

Өмірге адам болып келген соң, оған берілетін түрлі сынақтар мен жолдар бар. Барлық қиыншылықтарды жеңіп, өзінің адами қасиетін, имандылығын дәлелдеу керек.