Ойлай берсем, түбің жоқ!

Ойлай берсем, түбің жоқ!
жеке
блог

   Мейіргүлдің ойы ойлантып тастады... Көп ойлайтын нәрсем, Мен мына Өмірге не үшін келдім? Қызық. Мен неге дәл осы Назерке болып келдім, неге дәл осы Қазақстанда дүниеге келдім? Менің мінезім неге дәл осындай? Мен неге дәл осы қазақ болып келдім?... Жауап жоқ. Бір білерім мұның бәрі бір Алланың бұйрығы. Бірақ тағы да неге деген ой келеді...

  Басымда шым-шытырық дүниелер. Бәрі адасып жүр. Ертеңіме үмітпен қарайды. Мектепте болашағың туралы армандарыңды қағазға түсіргенде, болашақта кім болатыныңды жазасың. "Мен өскенде... боламын!"... Алдыңы мақсаттар қоясың. Сол мақсатпен өмір сүресің, сүріп келе жатырсың. Бала кезіңдегі қызығушылығың, анау неғ мынау не деп білмекке талпынғаның кейін өмірден түңілдіріп жіберейтіндей әсер ететіндігін білмейсің. Өмірдің ащы шындығын көзіңмен көргенде ойланасың. Түрлі апаттар орын алып жатқанда тағы ойланасың, Кінәліні іздейсің. Бір атақты адам 6 этажды коттедж салыпты. Тағы өсектейсің.  Оның саған не қатысы бар? Әркім өзімен өмір сүрсін! Басқаның істегенінде шаруаң болмасын!

   Көшеде кетіп бара жатырсың. Көшенің шетінде қолдарын жайып отырған бүлдіршіндерді көресің. Бөтелке жинап жүрген ағаны көресің. Тағы да ойлайсың, ана байдан несі кем? 

   Мамандық таңдағанда ойланасың. Кім болам? Еліме өз үлесімді қоссам дейсің. Неге?  Өзіңнің жағдайың керемет болса болды емес пе?!  

 

ЖОҚ! Сен адамсың! Ондай өзімшілдік хайуанның ғана қолынан келеді. Сені Алла адам қып жаратқан соң, адам болып өмір сүр! Адам болып өмірден өт! Мейлінше, жаныңдағыларға жақсылығыңды жаса! 

Осының бәрі сайып келгенде Бақытты болу үшін екен... Әркім өз бақыты үшін әр түрлі жол таңдайды. 

 

Жер сілкінгенде құрбым бір нәрсе айтты. Ұмытып тұрмын... Менің жауабым "Сақтансаң, сақтайды" болған. Сол кезде ол: "Вот, именно сақтансаң, сақтайды! Ал сен сақтанбай тұрсың. Жер сілкінісі көп болатынын білесің, неге келдің Алматыға?!" деді... Ойланып қалдым... Білім бар ғой Алматыда! Білімді неғылам?! Білім маған неге керек?!  Жүрмедім ба одан да ауылымда от жағып, Интернетсіз, телевизорсыз, рахат өмір сүріп. Жоқ тек бұлай бола көрмесін! Құдай-ай миым қатып кетті. 

.... Менің ойым осы екен. Әлі талайы бар, бірақ оны жазсам, өзім де өзімнен адасып қалам! Онсыз да жынданудың алдында тұрмын! Бір білерім, өмірді сүю керек!