Тағдыр соққысы...

Тағдыр соққысы...
жеке
блог

        Бүгін үйге келе жатқан жолда Ақмаржанды көріп қалғаным. Ия... Жандарбек шалдың Бектұрғанының тұңғышын. Сол ақ көңіл, ақ пейілді Ақмаржан. Ол біздің мектептің «ақ аққуы» болатын. Мектепте қандай да бір іс-шара бола қалса, барлық балдар соның алдында құрақ ұшатынбыз. Ғашықтық пен хатта жазып, Ақмаржан үшін ауыл сыртындағы бауға барып өзара төбелесетінбіз. Жеңімпазға Ақмаржан бұйыратын. Бір қызығы қырық пышақ болып қырқысып жатсақта, хат беріп құлдық ұрсақта Ақмаржан бізге назарда салмайтын. Әлсін жымиған қалпында «тентектер-ай» дейтін.

     Ақмаржанға жоғарғы сныптың балдарыныңда көзі түсіп, қырындап, тиісіп жататын. Ақмаржанды қызғанып, шамамыз келмеседе сол үшін төбелесетінбіз. Көз көгеріп, қол сынып жағдайымыз мүшкіл болатын. Біз аялаған Ақмаржанды өмір аяламады. Керісінше оның армандарын аяқ есті етіп, бар үмітін аяққа басты. Оныншы сыныпты бітерер жылы ата-анасы жол апатынан қаза болды. Ұлының қазасына шыдай алмаған Жандарбек қарт көп ұзамай бақилық болып кете барды. Шаттық ұялаған шаңырақтан, бас көтерер ешкім қалмады. Оттың басында бес бірдей бауырымен ботадай боздап Маржан қалды. Еңсесін езген қайғыға мойымаған ол бауырларына барынша өзі қамақор болды. Ешбірін бөтен үйдің есігінен сығалатпай, жат ошақтан жылу іздетпей өзі қорған болды. Мемлекеттің қолдауымен оқуға түсті. Іні-сіңлілерінде оқытты. Тағдырдың сынағына көніп, өмірдің ағысына қарсы жүзе білген өз құрдасымның өрлігіне басымды идім.