Сіз блогты не үшін жазасыз?) ЖАУАП!

Сіз блогты не үшін жазасыз?) ЖАУАП!
жеке
блог

Осыдан бір жыл бұрын 24 наурызда Астана қаласында Blog camp жас блогшылар құрылтайы болды. Сол жерге досымыз екеуміз Казжур сайтынан ашқан блогды ұсындық. Ол блогты басында баға алу үшін апайдың тапсырмасымен жасаған болатынмын. Кейін ғашық болып махаббат жайлы бастан кешкен қызық сезімге толы сәттерімді жаза бастадым. Бірақ көпке бармады себебі меніңде кері тартқан қиял деп түсінбейтін достарым болды сосын жазуды доғардым. 

    Кешке қарай жатақханада 113 комнатага Қозыбай Құрманның жанына барып сөйлесіп отырсам бір блогер қыздың Массагетте жыл қортындысы 2012 маған не әкелді деген жазбасын оқыдым. Сосын басымда жүрген бір шама ойларды жазып талқыға салып сын арқылы қатесін түзегім келді.Біссіміллә деп алғашқы махаббатым жайлы  жазбамды салдым пікір мен кеңес күтіп массагеттке жиі кіре бастадым сол арқылы қызық жазбалар оқыдым сосын жалғыз жабырқаған жатақтағы уақытым жайлы жазып пікірдің астында қалдым блогерлерінің қолпаштауымен келесі жазбамды салғанша асығып жүрдім.  Осы арқылы қаламымды ұштай бастадым. Рахмет саған массагет және блогер аға-інім,әпке-қарындастардың арқасында жазуға ынтам оянып. Көп дүниені ойға түйіп жазуға жариялауға блогтың арқасында үйрендім.РАХМЕТ