Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жаратқан, қартайғанда мені жалғыз қалдыра көрме?

Жаратқан, қартайғанда мені жалғыз қалдыра көрме?

Жаратқан, қартайғанда  мені  жалғыз қалдыра көрме?

Жердің бір жеріндегі бір қалада  бір коммерциялық телеарна бар. Сол арнаны қоссаң болғаны  өмір сүргің келмей кетед. Шенеунік біткен-жемқор, бизнесмен атаулы-ұры-қары, билік-топас, басқалары-алаяқ. Қысқасы аяқ жетіп, көз көретін жерде   іске алғысыз ештеңе де, ешкім де жоқ. Жарайд! Жағдайлары білсін! Әңгіме олар туралы емес.

Осы арнаның  апталық бағдарламасы бір кейуананы кейіпкер етіп алыпты. Себеп-әлгі қарттың үйіне жылу берілмеген. Бүрсеңдеп тоңып отыр. Үй ескі. КСК жертөлені жөндеп үлгермей жатыр. Кооператив төрағасының «жұрт ақша төлемейді» деп еңірегенде етегі толады. Дәл қазір тап осындай жағдай Қазақстанның кез келген түпкірінде бар. Және ол байғұс кемпірді пайдаланып, жерден жеті қоян тапқандай айғайлайтындай нәрсе емес, меніңше. Зар еңіреген тұрғындарды теледидардың  даусын өшіріп қойып, көрген адам «Соғыс басталып кетті ме?» деп қорқатыны анық. Әсіресе  ана кейуана зар илегенде зәрең ұшад. Өзі жалғызілікті адам екен. Тілшілердің «тауарын» өтімдірек ету үшін  өзін құрбандыққа шалып отырғанын қайдан білсін? Жанары жәутеңдеп адамның жүрегін ауыртад...

Жаратқан, мені жасым еңкейген шақта жападан жалғыз қалдыра көрме?

 Мен ол кезде бастауыш сыныптың оқушысымын. Біздің үйге шалы дүние салған соң  Тәрбия әже көшіп келді. Ол кісі менің әжемнің жеңгесі. Өзі шүйкедей ғана кемпір еді. Қанша асты-үстіне түсіп, бәйек болсақ та әлгі байғұс баланың да, шағаның да қабағына қарап жәутеңдейтін де отыратын.Әсіресе, кешқұрым бір шөкім болып бүрісіп, теріс қарап  жатып алатыны аянышты. Тәрбия әжені ренжітіп алмау үшін үйімізде мүлгіген тыныштық орнайтын.Сөйтіп жүріп  ол кісі де өтті өмірден. Бірақ, сол қамкөңіл қария, жәутеңдеген жанар  әлі де менің  есімде... 

Жаратқан, мені жасым еңкейген шақта жападан жалғыз қалдыра көрме?

412 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 25 қаңтар 2012, 12:15
Пікірлер
+0
25 қаңтар 2012, 12:17

енді не дейсің, "Хабарды" қос та, бәрін ұмыт :))))

+0
25 қаңтар 2012, 17:35

Мен саған ештеңе дегем жоқ) Әлде сен Жаратқан ба едің?)

+0
25 қаңтар 2012, 16:47

Өмірде бәрі болады.

+0
25 қаңтар 2012, 17:36

Иә... Оған дау бар ма?

+0
25 қаңтар 2012, 20:29

қорқынышты екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев