Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Қазақ телевизиясында креатив жоқ…

Қазақ телевизиясында креатив жоқ…

Қазақ телевизиясында креатив жоқ…

Белгілі тілші, “Хабар” агенттігінің журналисті Жайна Сламбекпен болған сұхбат:

Жайна Сламбек

-Сіздің жүргізген ең алғашқы бағдарламаңыз?
- Мен жаңалықтар қызметінің тілшісімін. Және бұл өз таңдауым.Жаңалықтар қызметінің қазанында қайнаған репортер, уақыты жеткенде журналистиканың кез-келген саласын бағындыра алады деп есептегендіктен. «Дұрыс есептеппін» деп ойлаймын. Алайда «13 минут», «Қазақтар» жобаларын игеруге қатыстым, жаңалықтар және жаңалықтар аясында тікелей эфирлер жүргіздім. Бағдарламаға келсек, «Бұл-Астана» хабары.

-Сіздің шебер журналист болып қалыптасуыңызға өз еңбегін тигізген қай ұстаз?

-Шеберлікті ешкім еге алмайды. Шеберлік білім, ізденіс, құлшыныс, намыс және өзіңді жақсы көруден пайда болады. Рас, білімнің биіктеріне жетелеген ұстаздар немесе керісінше, таяздығына қарап, оның деңгейінен асып түсуге итермелеген мұғалімсымақтар кездесті. Соңғысын қайтеміз, қазір ілтипатпен Дихан Қамзабекұлын, Амантай Шәріпті, сондай-ақ, филология факультетінен келіп тәлім берген Өмірзақ Әбділманов сияқты бірқатар оқытушыларды айтып жүремін. Осы үш ұстаз Алаш қозғалысы, ағартушылық, жиырмасыншы ғасырдың басындағы «ояну» процесі сияқты таған іспетті базалық ұғымдарды санама сіңіріп берген.

-Қазіргі жас журналистерге көңіліңіз тола ма?

-«Жас толқын анадай ғой, мынадай ғой» деп кісімсімей-ақ қояйын, тек бір нәрсе – білім жетпейтіні, сауаттылықтың аздығы байқалады.

-Қазақ телевидениесіне не жетіспейді?

- Қазақ  телевизиясында креатив жоқ. Көрерменді өткен ғасырдың стандарттарымен «өлшеу» ұят, обал. Тіпті ұлттық қауіпсіздікке орасан нұқсан келіп жатыр…

                                                                                                                                                        Сұхбаттасқан Гүлжан Серік



16
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 28 қаңтар 2013, 20:44
Тегтер: Жайна Сламбек. қазақ телевзиясы. шеберлік. хабар. Гүлжан Серік

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.