KİRİLDEN LАTINĞА...

KİRİLDEN LАTINĞА...
жеке
блог

2025-те әліпбиіміз ауысады. Қазақ елінің кириллді керек қылмағандығынан емес, әрине. Керісінше мұның бәрі әлемдік аренада шоқтығымыздың биік болуы үшін жасалуда. Әлемнің 70 пайызы латын әліпбиіне көшкелі қашан. Қаріп ауыстыруда қазақтың тәжірибесі жоқ емес. Осыған дейін әліпбиімізді ерікті һәм еріксіз түрде үш рет өзгерткеніміз тарихтан белгілі. Қазір, латыншаға көшуіміз әлеуметтік желілер мен телеарналарда тынбай талқылануда. Бірі бұл қалай болады екен деп қазақы қаріптердің қамын ойлап жатса, енді бірі ұтпасақ ұтылмаймыз деп, техника тілінің түрлі нұсқаларын ұсынуда. Ағылшынның 26 әріпінен ғана әліпби түзесек деген ұсынысар да жоқ емес. Бірақ, Ә,Ң,Ғ,Ұ,Ү,Ө-лердің таңбалануы қалай болмақ. Бұл қазір шөп арасынан ине іздегендей күрделі мәселе. Бірі А-ның үстіңгі жағына сызық қойсаң «Ә» болады десе, базбіреулер үстіне қос ноқат қою дұрысырақ деп жатыр. Қалған әріптеріміздің де әбігері әлгіндей. «О»-ны «Ө»-ден қалай өзгешелейміз деген сияқты.  Айтпақшы латын әліпбиіне көшу арқылы тағы бір қол жеткізетін дүние ол -  үнемділік. Мәселен кирилше әріппен жазылған мәтінді латыншаға аударсаңыз жазуыңыздың аз орын алып тұрғанының куәсі боласыз. Бұл дегеніміз келешекте кітап шығарам деген ақын-жазушыларымыздың  қалтасына ауыр тимейді. Ия, кітаптарды латынға аудару мәселе емес. Бұл санаулы секунттың ішінде шешіледі. Компьютерде терілген мәтіні болса жеткілікті.(http://www.kereknews.kz/translit.html) Бірақ жазушылардың барлық туындыларын аудару шарт па? Бұл мәселенің де түйінін арнайы мамандар аз уақыт ішінде шешіп берер. Сонымен біз латын қаріпіне көшсек түбегейлі Щ, Ц, Э, Ь, Ч, В, Ю, Я... сияқты қаріптермен еркін қоштасамыз. Латынша нұсқасы да болмайды олардың. Сондай-ақ  «О» деп жазып алып, «А»  деп оқудан тыйыламыз. Қарап тұрсақ латын әліпбиінің пайдалы тұстары өте көп. Енді тек халыққа тиімді, жазуға ыңғайлы нұсқасы бекітілсе болғаны.