Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ғашық еткен сәттер-ай...

Ғашық еткен сәттер-ай...

Ғашық еткен сәттер-ай...

Адам баласы, есейіп, оқып-тоқып, жұмысқа орналасқан соң, екінші жартысын іздейтіні мәлім. Ол табиғат заңы. Бірақ қаншама адам өз армандарындағы адамдарын кездестіре алмай, іздеп таба алмай жүреді. Бірі кеш, бірі ерте жолықтырып жатады өз жартысын. Бойжетіп қалған кездерімде жаңа түскен жеңгелерімнен (тәтәй апаларым )))) "Ағаммен қалай таныстыңыздар, қай жерде?" деген сұрақтар қойып, мазаларын алатынмын. Мен үшін екі адамның кездесіп, бірін-бірі ұнатуы қызық нәрсе болатын. Сол әдетім әлі қалмады. Үйленген жұмыстастарымнан, құрбы-құрдастарымнан қалай бірін-бірі ұнатып, қалай үй болуға шешім қабылдағандарын сұрап жүремін, Олар әдемілеп, майын тамызып тұрып айтып береді маған. Жалпы өзі МАХАББАТ төңірегіндегі әңгіме кімге болмасын қызықты ғой. Айтайын дегенім өзім білетін адамдардың қызықты кездесулерімен, бірін-бірі ұнатулары туралы жазғым келеді. Оқып көріңіз.  Лаура мен  Асылбек. Лаура аудандық бөлімде, ал Асылбек облыстық басқармада жұмыс жасайтын. Асылбек Лаура жұмыс жасайтын бөлімге тексеріс жұмыстарымен іссапарға келеді. Іссапары 3 аптаға созылады. Лаура да, Асылбек те тым тәкәппар, екеуі де бойдақ, тәкәппар болмағанда ше, Тәп-туйір жұмысы, тәп-тәуір жағдайларын жасап алыпты екеуі де. Асылбектің іссапарға келгеніне бір апта өтеді. Лаура туралы "өте тік, қатал, мейіріммен қарауды білмейтін, қарамағындағыларға тым жоғары талап қойғыш (бөлімше жетекшісі болатын)" деген пікір қалыптастырады. Бір күні Асылбек түскі астан кейін келіп есік алдында тұрса, Лаураның жұмыс есігіне қарай бұрылып келе жатқанын көреді. Содан сыптай болып киініп, жүрісі тіп-тік болып келе жатқан Лаураның алдынан шамамен жасы 50-ді ауқымдап қалған, үстіндегі киімі жұпыны жұмысшы (рабочи)кісі шыға келеді. Әлгі жұмысшы Лаураны бөлімше бастығы ғой деп, жолын кешпейін деп, іркіліп тоқтай қалады. Ал Лаура болса әлгі жұмысшы ағайды "Өтіңіз аға, жасыңыз үлкен ғой" деп күлімдеп, алдынан өткізіп жібереді. Бұны көрген Асылбек аң-таң, "қақайған" қыздан әрине ол бұндайды күткен жоқ. Міне осыдан кейін Асылбектің Лаура туралы пікірі өзгеріп, жақын араласа бастайды. Ең қызығы осы бір оқиға сол бір қызға жүрегіндегі сезімінің оянуына себеп болады. Асылбек Лаурадан "сен неге жұмыста тым қатал болып жүресін" десе, Лаура, "ол менің жұмысым, жұмыстағы қаталдық, талапшылдық  жұмысыңның нәтижелі болуына септігін тигезір еңбегіңнің бір бөлігі" деп жауап береді. осыдан кейін Асылбек Лаураның жұмыста басқа, ал өмірде мүлде басқа адам екенін түсініп, ғашық болап, кейін екеуі отбасын құрып, қазір бір қыздың әке-анасы атанып отыр. Асылхан мен Көркем. Олар екеуі көршілес тұрады. Асылхан туғанынан осы жерде. ал Көркемнің ауылдан көшіп келгеніне бір жылдан аса уақыт боыпты. Олар екеуі көрген кезде амандасқаны болмаса, қал-жағдайын сұрасып әңгімелесіп көрген емес. Бір күні Асылхан достарымен кафеде отырса, аяғында өкшелі туфлиі, үстінде өзіне сондай жарасып тұрған көк көйлегі бар көршісі Көркемнің құрбыларымен кіріп келе жатқанын көреді. Содан ол қыздар бір столға жайғасып отырып, даяршыға тапсырыс береді. Тапсырысты әкелген жас даяршы шетінде отырған Көркемнің үстіне кофе төгіп алады. Анау -  мынау емес, екі бірдей шыны кофені төгеді. Асып-сасып жүрген даяршы кешірім сұрап әлек. Бір мезгілде администратор келіп ол да кешірім сұрайды. Асылхан мен оның достары енді не боларын бағып отырады. Сонда Көркем көйлегіне төгілген кофені сүртіп жатып,  "ештене етпейді, жаңадан келгенсің-ау деймін, әлі-ақ он аспапты даяршы боласың, тек келесіде мұқият бол" деп күлімдеп, шығып кетеді. Асылхан мен оның достары таң қалады. Олардың  Көркем даяршының шашын талдап жұлып, балағат сөздер айтып кететін шығар деген ойлары болмай қалады. Бір қызығы осы бір оқиға Асылханды Көркемге ғашық етеді. Енді ол көрші қызбен кездесе қалса, қалын сұрап, әңгіме айтып, кейін кездесіп, отбасын құрған екен, отбасылық өмірлеріндегі бес жылда бір ұл, бір қызға әке-ана атанып отыр. Кейін бірін-бірі жақын тани бастаған Асылхан Көркемнен сол күні неге ол даяршыға ашуланбағанын сұрайды. Сонда Көркем "Бүлінгені жай ғана менің үстімдегі көйлек қой, сол шүберекке бола, ол қызға жекіп, сағын сындырып, көңілін қалдырғым келген жоқ, оқуына ақша жинап жүрген  жаңадан келген студент шығар, Кім сүрінбейді, кім қателеспейді бұл өмірде" деп жауап береді.  Міне, қызық!!! Ал Сіз өзіңіздің ғашығыңызға қайлай ғашық болып едіңіз! Бөлісе отырыңыз!

5
Рейтинг: +0

Автор: Ару ****
Жазылған уақыты: 24 қаңтар 2013, 15:06

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.