Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Қорқады екенмін...

Қорқады екенмін...

Қорқады екенмін...

Қорқады екенмін... Айтып отырғаным жалғыздықтан, қараңғыдан немесе биіктен қорықу емес. Есімді білгелі барынша дос болуға тырысып, бүкіл жан дүниемді баулып келе жатқан, бала күнімнен атамнан, әке-шешемнен, ұстаздардан күніне 10 рет еститін "Шындықтан" қорықатындығым туралы. Иә, иә! Масқара-ай, Шындықтан қорықады екенмін((((

Бәрі де кеше басталды. Сабақ кезі. Апай сыртқа шығып кеткен. Жиырма күн каникул бойғы қызығымызды тауыса алмай, бәріміз жиналып алып өсектен періп отырғанбыз. Кенет группадағы бір жігіт:

 - Айгееер, саған бір шындықты айтайынба? Бетіңе айтамын, бірақ, оның тым ащыыы болуы мүмкін, - деді.

Селк ете қалдым да:

- Жоғиии, айтпа, айтпа! Қорқам мен, қазір жылап қаламын, - дей салыппын. Ол әдетінше езуін керіп, жымиып алды да:

- Неге олай? Неге сен ылғи шынымды айтайын ба десем қашқақтай бересің? Қорықасын ба шындықтан? - деді.

Менде үн жоқ. Қызарып кеттім.

Ол рас айтады. Неге бұрын байқамағанмын!? "Шынымды айтайын ба?" деп басталатын әңгімелерден жиі жүрексінеді екенмін. Бірақ, өзім кез-келген сұрағымды "Бір нәрсе сұрасам шыныңды айтасың ба? деп бастаймын. Неге? Мен үшін шындық деген "ащы" деген ұғыммен пара-пар. Кез-келген ақиқат шымшып алатын секілді. Олай емес қой. Шындықтың да тәттісі бар емес пе?. Мәселен, жаңағы группалас жігіт: "Сен бүгін әдеттегіден де әдемі болып тұрсың, жалпы қазіргі Айгерім бұрыңғысынан да жақсарып барады" деді. Өзі ескерткен "ащы шындығы" осы екен.

Сосын... Осы жазбамның немесе басқа да жазбаларымның көпшілікке ұнамайтындығын іштей білемін. Сол шындықты біреу коментке жазып қалама деген қорқынышпен жазатыным бар кейде....

Білем, қазір сіздер шындықтан қорықатын адамның өзі жалған, өзімшілдігін өшіріп алғысы келмейді, өз-өзін аяйды, өтірікті сүйеді деген пікірлер айтуларыңыз мүмкін. Оны өзім де жақсы білемін, талай рет айтқанмын да. Кеше үлкен айнаны алдыма қойып алып ұзааақ ойландым. Өткенге есеп бердім. Мен ондайлардың қатарында емеспін ғой! Арым да, жаным да таза емес пе?((((

Бәлкім, өмірді тануға, өмірдің қайнап жатқан базарына шығуға қорықатын шығармын... Иә, мен ешқашан қиындық көрген адам емеспін. Аялы алақанға, ыстық құшаққа, жылы сөздерге көміліп өскенмін. Не ішемін, не жеймін демедім. Ал ауырлығы он батпан қиын өмір туралы тек кітаптардан оқып, кинодан көрген екенмін. Сондықтан, шынайы өмірді танып-білуге жүрексінетін болармын... 

Қалай болғанда да, кеш болмай тұрғанда Шындыққа қасқайып қарсы тұруды, Шындықтың жүзіне тік қарауды үйренгім келеді. Ол мүмкін бе? Көмектесіңіздерші! Ағалар мен әпкелерден кеңестер күтемін(((

32
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 24 қаңтар 2013, 10:18
Тегтер: шындық, қорқыныш, шындықтан қорықу

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.