Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Әй, аңғал қазақ* немесе күлкілі жағдай)

Әй, аңғал қазақ* немесе күлкілі жағдай)

Әй, аңғал қазақ* немесе күлкілі жағдай)

Фейсбукта Данияр Жанысов ағамыз мынадай жазба жазыпты (жазба ма, оқиға ма білмим, әйтеуір сондай ғой):

Ауылдағы ағамның үйінен 4 жасымда түнде келе жатқанмын (бүгінгі көзбен арасам, 4 жасар баланың түнде жүргені шынымен жаман екен ғой). Сол кезде алдымнан Мектептегі мұғалім Шолпан деген кісі кезігіп қалып: "Ойбай, бұндай кезде далада жүруге болмайды, жын-шайтандар көп жүретін кез. Бұдан былай жалғыз жүрме" деді. Содан бастап 11-сынып бітіргенге дейін Привидениялардан қорықтым. 6-7 сыныпқа дейін көшеге ат мініп қана шығатынмын. Қазір "Менің алдымнан 4 жасар бала шықса, мен не деп айтар едім?" деген сұраққа іздеп жүрмін. Бірақ әлі оған жауап тапқам жоқ.

Енді осыған ұқсас тағы бір әңгіме есіме түсіп отыр. Ауылда иттерді қабаған қылып асырайтын жігіттен біреу келіп "секретін" сұраса: "Күшік кезінде басына кәстрөл кигізем де қасықпен даңғырлатам. Сонда қабаған болады" дей салыпты. Анау болса солай істеген. Сөйтсе ит байқұс өмір бойы ыдыс сылдыр ете қалса бұтына жіберіп қояды екен. )))))))))) Әй, аңғал қазақ-ай!!!

Осыны оқып бұрынғы кішкентай кезімдегі оқиғалар есіме түсіп кетті) (кішкентай дегенде, енді қазір 18-демін ғой, қы қы))

Бұрын ауылда свет жиі өшетін, көп күндер шаммен өтетін. Жазда сондай светі жоқ күндердің бірі еді. Қаладан сіңлім келген ауылға демалуға. Кешке дейін далада ойнап ойнап үйге кірдік. Свет жоқ, тас қараңғы. Сосын біз жаңағы сіңлім бар, өзімнің туған сіңлім бар бәріміз залға бара жатқанбыз. Біздің үйдің проектісі қызық: холдың есігінен кіргенде, тіке спальныйдың есігі ашық тұрады, одан кейін залдың есігі холдыкіне қарама қарсы, короче түсіндіңіз! Содан мен екі қолдарыңды созып жүріңдер, әйтпесе, бастарыңды есікке ұрып аласыңдар дегем ғо, мен ашық тұрған спальныйдың есігін айналып өтіп залға кірдім, артымда екі сіңлім. Бір уақытта гүрс еткен дауыс шықты, сөйтсем, қаладан келген сіңлім қолын екі жаққа жайып жіберіп, тіке кете берген ғо, ар жағы түсінікті)) Әй, аңғал қазақ-ай!

 

Тағы бір жағдай. Ең бірінші рет 8-сыныпта еттің қамырын илегем. Мамам жайды. Сосын тамақтың үстінде мамам "Қамырын жұп-жұмсақ қып илепсің, шайнамай жұтуға болады" деген. Енді қамырдың жұмсақтығын сипаттаған түрі ғоцй енді. Сол арада мамам айтқанның артынша кішкентай інім еттің қамырын шайнамай жұтжерген ғой))) Әй, аңғал қазақ-ай!

 

Бұрын бір есіктің артына тығылып, ар жағында келе жатқан адамды қорқыту моды боп еді ғой. Кей жерлдерде әлі де модыда) 4-сыныпта үлкен қоңырауда ұлдардың бәрі далаға шығып кеткен, қуаласпақ ойнауға. Қыздар белгілі ғой, шамадан тыс активис болып класта отыратыны. сосын қоңырау ішке ұрғанда сыныпта бір қыз есіктің жанына тұра қалды. Біз қарап отырмыз. Бір кезде есік ашылғанда, жаңағы қыз "Вааа!" дегенде ар жағындағы келген үлкен сыныптарға математикадан беретін әпки шошып кетті.  Ой, сөйтіп бір күліп алғанбыз. Әй, аңғал қазақ-ай!

25
Рейтинг: +6

Автор: Yerke Smaghul
Жазылған уақыты: 22 қаңтар 2013, 11:10
Тегтер: қызықты жағдайлар, аңғал қазақ, Қазақтың Еркесі

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.