Ассалаумағалейкум, ағайын!

Ассалаумағалейкум, ағайын!
жеке
блог

Ассалаумағалейкум, ағайын! 

Бүгіннен бастап мен жақында ғана көпшілікке жол тартқан жаңа портал Massaget.kz сайтында блог жүргізуді бастаймын. Бұл сайттың ғұмырлы болатынына сенімім мол!

Қазіргі таңда ғаламтор үлкен байланыс құралына айналды. Иншаллаһ, жазбаларым арқылы өздеріңізбен шығармашылығымда болып жатқан жаңалықтарым мен жоспарларыммен бөлісіп тұрамын. Сіздермен байланыс орнатып, шығармашылығым жайлы сын-пікірлеріңізді білуге асығамын.

Мен ұстаз боламын деп ешуақытта ойлаған емеспін. Бүгінде өнер ордасында білім беріп, шәкірт тәрбиелеп отырмын. Жақын күндері шәкірттеріммен бірге Мәскеу қаласына жол жүремін. Шәкірттерім мәнерлеп оқудан Чехов атындағы халықаралық үлкен байқауға қатысады. Дайындығымыз жаман емес, иншаллаһ, елге жүлдемен оралуға тырысып бағамыз.

Жаңа порталдың дүниеге келуіне ықпал еткен барлық жандарға мол табыстар мен шығармашылық шабыт тілеймін! Алға басқан қадамдарыңызға нұр жауып, еңбектеріңіз жемісті болсын!

Барлықтарыңызға, бауырларым, амандық тілеймін!

Шаңырағымыздан құт-береке арылмасын! 

Ізге ниетпен, Нұрлан Албан