жеке
блог

Ауылым менің- Шәлкөдем

Шәлкөде, ыстықсың сен маған,
Жайнай бер, жазира кең далам.
Өзіңнен бел асып кетсем де,
Шәлкөде, мен – сенің бел балаң...

Осы эстафетаны көрген кезде бірден мен жазайыншы деп сұрап алдым. Мүмкін осы уақытқа шейін ауылға деген сағынышымды тежеп келген шығармын. Ауыл десе жүрегі ала бөтен баланың бірі мен шығармын. Себебі, ауыл мен үшін ең асыл. 

Көп ұзақ боп кетсе түсіністікпен қарасыздар :). 

1. Туған жеріңіз жайлы. Менің туған жерім Алматы облысы, Райымбек ауданы (бұрынғы Нарынқол), Шәлкөде деген кішкене ғана ауыл. Кішкене ауыл ғана болса да Қазақстан таниды десем қате айтпаған болар ем. Шалкөде ауылының қасында үлкен Шалкөде жайлауы бар. Көлемі жағынан жетісу ауданындағы ең үлкен жайлау. Көп сөзбен айтқанша видеодан көре отырыңыздар. 

2.Туған жеріңнің мақтаныштары. Рас осы бөлімнен қиналдым. Қай мақтанышымды жазамын, бәрін тізіп отырсам елді жалықтырып алармын деген ой келді. Кішкентай ауыл бола тұра, қазақ жері түгел танитындығының өзі қаншалықты екенін білдіретін шығар. Жәй ғана сілтемелер қойып кетейін кіріп оқи жатарсыздар: Нарынқолдан шыққан атақты кісілер1,2.  Азиада кезінде ту көтерген кішкене баланың бірі біздің ауылдың тумасы. Мұқағалидың 80 жылдығы кезінде жазғаным. Жаза берсем мақтанып кетеді екем. 

3. Туған жерің жайлы өнер иелерінің туындылары. Мұқағалид мен Еркіннен бастап ақындардың бәрі жыр арнаған болуы керек. Қадыр ағаның мында бір өлеңі бар екен. Жұматай Әміреев ағамыз бастаған қазіргі күннің жас ақындарының да керемет туындыларын оқып жүрміз. Мына жерден бір өлең тыңдай отырыңыздар:Шалкөде жайлауыСұлушаш Нұрмағанбетованың орындауында "Шалкөде" әні бар. Суреттер соң жақта орын алсын иа. 

4. Туған жерінің атауы бойыншы  аңыздармен бөлісе кетсеңіз. Шалкөде деп аталуы себебі, қалмақтар шапқыншылығы кезде ауылда Көде деген шал болыпты. Қалмақтарды бір сайыста кәдімгідей састырған екен дейді, сол кезде қалмақтар "Көде шалдың ауылы" деп атап кетсе керек. Содан қысқара келе "Шалкөде" деп кеткен деседі. 

5.Суреттер. Менің ауылым бір бүйірінен тау қоршаған үлкен жайлауы бар ауыл. 

Жайлау деп жайлауын айт Шәлкөденің, 
Еңсесі мыңғырған мал әр төбенің.
Су емес, суатынан қымыз аққан,
Пай шіркін, қандай ғажап өлкем едің!


Шәлкөде жайлауының қасында алатауға жалғасып жатады: Біздің таулардан көрніс. 

Киік ойнап шатында, бөктерінде,

Айғайтас Шалкөденің нақ төрінде.

Қырағы көз шекара Құмбел анау,

Қытаймен екі ортаны қақ бөлуде.

Айғайтас – Шалкөденің шаңырағы,

Ақ отау ақша бұлтты жамылады.

Жат жаққа жұрт үдіре көшкен кезде,

Жабырқап тас та болса аңырады.

Айғайтас – тас емес тек айқайлаған,

Ғұлама қарт жұрт үшін қайғы ойлаған.

Халықтың үні жатыр кеудесінде,

Бір кезде «Елім-айлап» ойбайлаған.

Айғайтас – Албандарға ата мекен,

(Оны мен шежіредей атап өтем).

Ертеде ел шетіне жау тигенде,

 

Ауылдан көрністер: Ауылға кіре берген жерде: 

Біздің мектеп: 

Ауылдың бір қыры.

Ауылдың ішкі суреттерін ертең саламын. Үйден комптан алып келем. Мынау менің интернет беттеріне өзім және өзгелер енгізген бар суреттер екен. 

Ауылды қатты сағындым. Әкемнің де анамның қатты сағыныштары жәй сөздерінен-ақ көрініп тұрады. Сағындым сені, ауылым.... 

Эстафетаны Нұрзияға берем, көп болды жазбаларын көрмедім. ОСындай сағынышты жеткізуге арналған эстафета бастаған Жанатқа көп рахмет айтам. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі