Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Махаббат меннен кеткен... Бөлекте жүр...

Махаббат меннен кеткен... Бөлекте жүр...

Махаббат меннен кеткен... Бөлекте жүр...

Қызыыық... Махаббат хақында жүріп жатқан осы бір кезексөзге сырттай қызығып, үзбей оқып жүр едім. Бүгін, міне, не жазарымды білмей, асып-сасып отырғаным...)))

Бір айтарым, талайлардың таусылмас назына айналған Ұлы сезіммен етене таныспын. Махаббаттың  уы бар зәмзәм суын ішіп те, оның соңында жүріп ессіздік есіктерін ашып та көрдім, ұйқыммен де, күлкіммен де бет көріспестей болып ұрсысқаным да бар... Иә! Махаббат болған менде. Бақыттан жылағам, күлгем күнде. Ал қазір тоңған жүрек, солған кеуде... Ғашық та бола білгем. Бір ақ жанға ғашық боп бала күннен, жанымменен сүйгем, жанарыммен... Сағыныш па? Тауысқанмын. Сағынғам, шөлдегем, аңсағам. Ақыры, шаршағанмын.

Бір дос жігіт: «Шіркііін, қыз атаулы сүюді сеннен үйреніп, сеннен үлгі алса ғой, әлемде бақытсыз адам болмаушы еді! Әттең, қолымда емес, әйтпегенде сезіміңе арнап ескерткіш орнатар едім...»(тым мақтанып кеттім ау дим) деуші еді. Сөйткен аңыз сезімімнің бүгінде ұшқыны да қалмады. Көп нәрсе жазғым-ақ келіп еді. Ұмытыппын. Махаббатты да, оны да. Рас айтам, үтіріне дейін ұмытуға болады екен. Мен үшін онан алыс, онан бөтен адам жоқ секілді. Бір түсінгенім, құлай сүюдің кез-келгенге беріле бермейтіні секілді, мәңгілік махаббат та көрінгенге бұйырмайды екен. Аялай алмадық па, әйтеуір отын біржола өшіріп алдық.

Сергелдең сезіміме себепкер болған серімен бүгінде бір қаланың ауасымен тыныстап жүрміз. Ара-тұра кездесіп те қаламыз. Сәлеміміз тым аз. Соңғы кезде статусында «Информатик қыз» пайда болыпты. Бақытын тапқан-ау, шамасы...

Ал өзім... Өзім «Көктемімді» күтіп жүрмін. Жүрегім қаңырап бос қалғандай. Кейде қатты жалғызсырайтыным бар. Десе де, мені бір бақыттың күтіп тұрғанына сенімдімін. Енді маған ессіз сезімнің еш керегі жоқ. Жәй ғана Кәусардың мұңын өшіре алатын, оны сыйлата да, өзі де сыйлай алатын, көңілге гүл егуге қауқары бар «Көктемнің» келгенін қалаймын.

Осыдан бір жыл бұрын «Күтіп жүрмін Көктемімді» деген тақырыпта жазба қалдырғаным бар еді. Жыл өтті. Бірақ ол әлі келген емес...

«Көктемімді» көрсеңіздер, Кәусардың ертерек мұңынан арылғысы келетінін айта саларсыздар))

Таяқшаны кімге берерімді білмей отырмын, жазғысы келетіндер бар ма?

32
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 22 қаңтар 2013, 08:29
Тегтер: эстафета, "Менің махаббатым", кезексөз, махаббат, сенім, Көктем

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.