Идеал жар-арман ба?:)

Идеал жар-арман ба?:)
жеке
блог

Бүгін Вк-да бір жазбаға ұрындым. Әйгілі әнші Бейонстың босанғанынан кейінгі алғашқы сұхбаты. Бұл әншінің ярый фанаты болмасам да, түр-әлпеті, өмір сүру стилі ұнайды. Қызының атын Блю Айви (Blue Ivy) қойған екен. Жас ананың айтуынша: "Джей-зи өте епті әке болып шықты. Ол сәбидің жөргегін ауыстырып, әрдайым оның қасынан табылатын қамқор әке болады. Ол өзі айтқандай махаббат деген материалдық тұрғыда қамтамасыз ету емес, ол баланың қасында болу, балаң үшін бәрін де істеу"

Сондай-ақ Джей-зи босану процесіне де қатысыпты. Маған енді сұхбаттың мына жері қатты ұнады. Оны аудармай берсем, ренжімессіздер: 

"Он не позволил бы себе это пропустить. У него очень развит инстинкт защищать близких. Когда я была беременна, я постоянно чувствовала, что он в любой момент готов наброситься на любого, кто меня обидит, - рассказывает Бейонсе. - Он не только вдохновляющий артист, он еще и вдохновляющий муж. И я знаю, что следующим его жизненным этапом будет превращение во вдохновляющего отца".

Мен үшін де менің болашақ жарым "Заложник" фильміндегі Брюс Уиллистің кейіпкері сияқты өз отбасын қандайда болсын қиындықтардан құтқарып алатын "герой" болып елестейтін. Бір апайымыз айтпақшы "бұрынғы заманда ер жігіттер ерлігін шайқастарда, жорықтарда көрсетсе, қазіргінің жігіттері отбасын қорғауда көрсету керек". 

Ал сіздердің ойларыңыздағы идеал жар қандай болу керек? Ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар... 

P.S Осыған байланысты Керекинфода Марко деген жігіттің жазбасы ұнап қалды: 

"Аялайық қыздарды!

Жынысаралық соғыс жоқ! Мұндайды тудыратын кейбір есерсоқтар ғана. Жігіттер, алдағы уақытта, анау-мынау әңгімелерді күйттемей, жігіттігімізді дәлелдей білейік! Қыз деген өмірдің гүлі деген қағиданың бар екенін ұмытпайық. Ақырында, не істесек те, ақырғы мақсатымыз нәзік жыныстылардың көңілінен шығып, жүрегін жаулау емес пе?!" - иә, дәл солай, Марко!:)