Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Қыздарша төбелес)

Қыздарша төбелес)

Қыздарша төбелес)

Қайырлы күн, сайттастар) Қалайсыздар? 

Өткенде фейсбукта Жандос Байділда деген ағамыз төбелес деген әңгіме қозғап еді. Қыздарға қатысы жоқ деп алып, егер төбелескен болса айта отырсын деп жазып қойыпты. Сосын бала кездегі бір оқиға есіме түсіп кетті. Ал жазайын деп жатыр ем астына пікір қылып, ұялдым. Сосын ойландым: неге ұяламын и? Болған нәрсе ғой. 

Сомен былай ғой) Әжептәуір мінезім бар қызбын ғой мен негізі. Мектеп кезінде. Қыздармен жараспай жүрдік. Себебін айтсам, тіпті ұят ше. Тек ұрысып қала беретінбіз. Екіге бөлініп ап, сабақта отырсақ жарысатынбыз. Қайтатын кезде ұрыс)))) Енді үнемі олай болмайтын. Кейде, кейде боп тұрады ғой. Шынымды айтсам сонда бір қызбен төбелескенім бар. Тым ұзаққа да созыла қоймады өзі. Төбелес деген аты болмаса, жәй түртіп қалу секілді ғой. Енді "қыздарша" төбелесті білесіздер ғой. Шаштан шаш қалмайды)) (Содан ба, қайдам, қазір шашым сиректеу:))) Сол еді алғашқы да, соңғы төбелескенім. Құрысыыын, төбелесіп жатқанда дым білінбейді екен ғой, иә? Кейін ғой, бір-екі жерім көгеріп қалыпты. Шашымды тарасам, түсіп жатыр, түсіп жатыр (Бұған қарап Луиза әбден таяқ жеген екен деп ойламаңыз) Мен де қарап тұрмаймын ғой мына мінезбен))

Кейін соған күлеміз. Төбелестегі қарсыласым бүгінде тіс дәрігері мамандығында оқып жүр. Жақсы арласамыз. 

Кейін өзім мектеп президенті болып ол мінезімді қойдым ғой. Өзінше боп "Қыздар деген төбелесе ме екен? Бала боп кеткенсіңдер ме?" деп өзімнен төмен сыныптағы оқушыларға ақыл айтатын болдым)

Мектепте жүргенде қалада оқитындардың әңгімелерін естіп оқуға барсақ алғашында таяқ жейтін шығармыз деп ойлайтынбыз. Телефондағы түрлі видеолардан көргендеріміз тағы бар. 

КазГУ-ға келгенде де іштей "дайын" болып келдік) Үлкендер де тыныш жүріңдер деп айтып жіберді. Жоқ, біз жақ тыныш екен. Жоғары курстағы қыздардың шаруасы да жоқ. Өзіміз де қазір үшінші курстамыз. Кеше келген балмұздақтарда біздің де жұмысымыз жоқ)

Сонымен, солай! Кішкене әңгіме болсын дегенім ғой. 

Мұныммен қыздарға жаман әдетті үйрен дегім келіп тұрған жоқ. Бала кездегі тентектіктігіммен бөліссем дегем ғой жәәәй)

сурет enbek.gov.kz-тен

35
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 21 қаңтар 2013, 15:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.