Мектептегі махаббат!

Мектептегі  махаббат!
жеке
блог

 

«Нұрланған  әлем

Мына  жігіттең мына қызға

Жалынды  сәлем!» Мектепте оқушы  кезіміздегі  қыздарға  хат  жазғанда ақ  парақтың жоғарға  бұрышына  осылай  жазатыңбыз. Бәріде  шыңайы  болатын.Сол кездерден  сіздерге  кішкене  ойымды, оқушы  кезіміздегі жігіт болып  қызға  жазған  хаттардан  үзінді  мысалдар  келтіруді  жөн  көрдім.Сол  кездердегі  ұмытылмас  «романтикалық сәттер».

 

  Мектепте  оқып  жүрген  кезімізде,  төменгі  сыныптың  қыздарына  хат  жазатын  едік.  Хаттын  мазмұны  былай  басталатын «Сәлем ...! Қалайсын ...!Менің  саған  айта  алмай  жүрген  сырым  бар  еді, сол  сырымды  саған  хат  арқылы  жеткізгенді  жөн  көрдім! Басқаша  ойыма  еш  нәрсе  келмеді ! Сені  күн сайын  көрген  сайын   саған  ғашық  болып  барамын! Мен  сені  сүйемін!Ешкім  оқып  қоймасын, оқып  болған  сон  жыртып  таста! Жауабын  келесі  күні  осы  хатты  апарған  баладан  жазып  жіберерсін!Асыға  күтемін! С/м ...»  Хат  барғаннан  кейін  ол  қызды  көрсен  өзіңше  болып  қаласын, кербезденіп! Ал  хатты сол қыздың  бір  сыныптасы  оқып  қойса  біттің,  мектепте  хит  боласын! Сыныптастарың  сені  мазақ қылып, ұялғаннаң кірерге  тесік  таппай, неге  жаздымға  қаласын ! Бірақ  жаңағы  қыздан  жауап  келгенде, аййййй,  төбен  көкке  бір  елі  жетпей  қуанасың, хатты  ашып оқисың. «Сәлем ...!Жақсы!  Өзің  қалайсын? Менде  сені  ұнатып  жүргенмің! Саған  берер  жауабым  «йә»!» деген  кезде  сеннен бақытты  ешкім  жоқ!Өзіңмен  өзің  мәз  боласын! Бірақ   оны  сыныптас  балдар  қыздарға білдірмейсін, біліп  қойса  сол  баяғы  қосу. Сол  қызбен  кешкісің кездесу  үшін  үй  телефонына  қоңырау шаласын! Кездесуге  шақырасын, үйінең 200  метр  жерде  күтіп  тұрасында , үйінең шықты ау  деген  шамада  жайлап  ысқырасын. Амандасқаннан  кейін  қызбен  бірінші  рет  кездескеннең  кейін  үнсіздік  пайда  болады. Бір бірімізге   ұрлана  қарап  қойамыз.бір  жарты  сағаттай  тұрғаннан  кейін,қызымыз  «үйге  кіремін,папа  көрсе ұрсады, үй телефонымен  сөйлесерміз» деп  үйіне  кіріп  кетеді.Айтпақшы  сол  қыздын  қолынаңда  ұстауға  ұялатыңбыз  сол   кезде.Осылай  бір  күндік   романтикаға  толы  күнің  өте   шығатын. 

 

   Ал  қазіргі  мектеп  жасындағы  балалар ұялмайтын, бір  бірінен  қысылмайтын  сыңайлы. Бір  біріне  сөз  салғанда  агентпен  айта салатын  секілді көрінеді  көбісі,  әрине  бәрі  емес.. Кейде  біреуге ішкі  сырынды  жеткізерде  осы  агентпен  айтатынымызда  жасырын  емес!

 

Сіз  қалай  ойлайсыз?

                                                                                                  сурет        sdnnet.ru  сайтынан  алынды