Сөйлеңіздерші

Сөйлеңіздерші
жеке
блог

Жаңа жылды қарсы алу үшін достарымммен кафеге барған болатынбыз. Сол жерде жадыма түйген бір бір нарсені жазсам деген едім.

Кафеге үш дос болып бардық. Тапсырыс берейік деп даряшыны шақырдық. Даяршы тағармадардың тізім алып келді. Біз тамақ, салат, шапман секілді заттарға тапсырыс бердік. Қасымда отырған ждосым даяршыға бір әзіл айтты. Бәріміз қарқылдап күліп жібердік. Қасымызда үлкен үстелге тапсырған адамдар да бар екен. Оларда күліп жіберді. Мен олар да біздің айтқан әзілге күліп жіберді деп ойладым. Бірақ ... Кафе адамдарға толды. Қасымыздағы үлкен үстелге да адамдар көптеп жинала бастады. Біз әңгіме айтып отырдық. Анау үстелдегі адамдар шамасы толық жиналды. Бірақ тым-тырыс. Ешқандай дауыс шықпайды. Сөйтсем ... сөйтсем олар сөйлей алмайды екен. Ішімнен бір түрлі болып кеттім. Дөрекілеу болады, бірақ олардды менің біліумше – мылқау дейді. Ия шынымен сөйлей алмайды. Тек қолдарымен, эмоциясымен бір-біріне айтқысы келген нәрселерді түсіндіреді. Бір кезде араларынан орта жастағы бір адам түрегеліп, барлығын өзіне қарататын ишара жасады. Сөйтсем тамада екен. Менің көңіл-күйім түсіп кетті. Бірақ қасымдағы достарыма білдіргім келмей, ештеме аңғармағандай болып отыра бердім. Тамада болып жатқан жігіт түрлі ишаралармен сөйлеп жатты. Ара-арасында барлығы күліп қояды. Бірақ мен олардың не айтып жатқанын мүлде түсінбедім. Тос кезегін де береді. Үстелге жиналғандар тос айтады. Барлығы шапалақ ұрады. Стакандарын соқыстырып алып қояды. Кей-кейде қарқылап күліп қояды.

Осылай олар да тілек айтып, біз де тілек айтып отырдық. Бір кезде кафенің оң жағында отырған үстелден дәу орыс қатын ғиамартты басына көтеріп айқайлап  тос айтып кетті. Жиналғандардың барлығы да соларға қарап қалды. Анау ишарамен сойлегендер тым-тырыс болып, орыс қатынға қарап қалды. Біраз көңілдері де түсіп кеткені көрініп тұрды. Анау орыс тегі қоймайды. Айқайлап жатыр, айқайлап жатыр. Осы кезде менің ашуым шығып кетті. Өкіндім. Ойландым. Анау сөйлей алмайтындарға өкіндім. Орыстың дауысы бүкіл кафені алып кеткен соң, оларда ештеңе істей алмай қалды. Сол кезде менде ишарамен сөйлейтіндерге – «Сіздерде бір бақырып сөйлеңіздерші. Тілекті қазақшалап қатты айтыңыздаршы», -деген іштей ой болды. Бірақ, оларға айта алмадым. Дұрысы, қайтып айтатынын білмедім.

Сағат 12 болды. Елбасымыздың тілегінен кейін барлығымыз шампан атып, далағы шығып от шашуды тамашаладық. Анау кісілер бір-бірін құшақтар, Жаңа жылдарымен құттықтап жатыр. Менде шыдай алмай қастарына барып: «Жаңа жылдарыңызбен», - деп құттықтадым. Түсінді-ау деймін! Мені де өз тілдерімен құттықтады.

Осы жәйттан кейін мен біраз ойланып қалдым. Шүкір, менің денсаулығым жақсы. Сөйлей аламын. Естимін де. Бірақ, сол денсаулықты өзім құртып жүргеніме өкіндім.

Кейде, қасындағы адамның көңіліне қарамай сөз айтып қоясын. Ал анау кісілер ештеме айта алмайды. Содан түйгенім, енді ардайым сөз айтқанда мұқият ойланып, електеп шамалы болсында өткізіп айту керек екен.

Анау кісілерге ішімнен тағы да – «Сөйлеңіздерші» достар деп айтым, жаңа жылды қарсы алдық.