Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Фатмагүл эфирге қайта оралды

Фатмагүл эфирге қайта оралды

Фатмагүл эфирге қайта оралды

Берен Саат- сұлу да көрікті, аса дарынды және Түркиядағы қымбат актрисалардың бірі саналатын өнер иесі, тағы да өздеріңізбен қауышып отыр. Осынау қара шашты, жанары көктемнің көгіндей жап-жасыл, нәзік қыз қазақстандық көрермендерге бірден ұнады. Сауалнама нәтижесі бойынша «Жыл әйелі» болып танылды. Сондай-ақ, ол Түркиядағы ең әдемі актрисалар ондығының қатарында. Енді «31 арнада» дарынды да көркем ару ойнаған екі телехикаяны бірден тамашалау мүмкіндігі бар. «Фатмагүл» телетоптамасы тағы да эфирде.

Аталған телетоптаманың алғашқы көрсетілімі кезінде, Фатмагүлдің басындағы жағдай жұртшылық арасында қызу пікірталас тудырған болатын. Көрермендердің пікірі де екіге жарылып, бір тобы басты кейіпкерді кінәласа, екінші тобы Фатмагүлдің еш жазығы жоқ екеніне баса мән берген болатын. Алғашқы көрсетілім аяқталғанына 5 ай өткеніне қарамастан, еліміздегі түрік телехикаясының жанкүйерлері фан-клубтар құрып, форумдарда, актерлардың жеке өмірін талқылауда, тіпті Фатмагүл оқиғасының немен аяқталарын білу үшін, барынша талпынып бағуда.

Естеріңізге саламыз, қарапайым да, аңғал ағасы Рахми мен жеңгесі Мукаддеспен бірге Фатмагүл шағын қалашықта тұрады. Бауыры Мұратқа қамқорлық жасап, сүт фермасында ағасына көмектесіп, қой бағады. Бала кезінен ғашық болған Мұстафаға күйеуге шығатын күнді асыға күтеді. Бірақ кездейсоқ оқыс оқиға оның арманына балта шапты. Асқақ арманына құстай ұшып бара жатқан Фатмагүл күтпеген жерден шыңырауға тап болды. Фатмагүлді зорлап кетеді. Бұл іске полиция араласады. Түркия заңы бойынша зорлағандардың бірі жәбірленушіге үйленетін болса, бұл іс жабылған болып есептеледі.
Міне, сондықтан, бұзақылардың ауқатты ата-аналары өз балаларын түрмеден құтқарып қалу үшін, жоспар құрады. Жарлы жігітті Фатмагүлге үйленуге мәжбүрлеп, бір жылдай некеде тұрып, кейін ажырасып кетесің деп кеңес береді. Осылайша, жас қызды зорлықшылардың бірі – Керімге күйеуге береді. Жастардың жаңа өмірі бір-біріне деген өшпенділік пен жек көру сезімінен басталады. Алайда, бойжеткеннің қас жауы болған Керім, оның қолдаушысы мен қорғанышына айналады...
Телехикаяның алғашқы маусымының көрсетілімі аяқталғаннан кейін, редакциямызға көптеген көрермендер хабарласып, фильмнің жалғасын көрсетуді болмаса немен аяқталатынын айтып беруімізді өтінді. Қазіргі уақытта телетоптаманың екінші маусымының түсірілімі қарқынды түрде жүріп жатыр. Таяу уақытта көрермендер Керем мен Фатмагүлдің бір-біріне деген сезімінің жемісін көре алады...

Түсірілім жұмыстары аяқталғанша, «31 арна» түрік телехикаясының жанкүйерлеріне сүйікті кейіпкерлерімен қайта қауышуға мүмкіндік беріп отыр.

«31 арна» көрермендерінің ең сүйікті телетоптамасы тағы да эфирде!
24 қаңтардан 18:30-да!

3560 26
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 24 қаңтар 2012, 14:33
Тегтер: 31 арна, фатмагүл, фатмагюль, түрік телетоптамалары, түрік телехикаялары
Пікірлер
+0
24 қаңтар 2012, 14:34

Фильмді көріңіздер, баға беріңіздер, талқылаңыздар....

+0
24 қаңтар 2012, 15:31

фатмагул дегенде көз алдыма іркілдеген келіншек келеді

+0
24 қаңтар 2012, 16:11

иркилдеген не соз ол?)

+0
24 қаңтар 2012, 20:56

Ботиктің фобиясы

+0
25 қаңтар 2012, 10:06

іркілдеу деген - семіздік

+0
24 қаңтар 2012, 20:57

Осы Фатмагулден зәрезап болдым ғо :) Туысқандар осыны көреді. Мен отырам "қашан бітеді" деп :)

+0
25 қаңтар 2012, 00:45

Несі бар, өте тамаша сериал!!! Былтырдан бері жалғасын күтіп жір едік. Әтең ең алғашқы сериядан басталды(((

+0
26 қаңтар 2012, 15:26

ия, бірақ бұл жолы басынан аяғына дейін толық көрсетеді...

+0
25 қаңтар 2012, 00:57

Әрине, өте тамаша сериал, бірақ ел осының несіне қызығатынына түсінбеймін

+0
26 қаңтар 2012, 15:27

Менің ойымша, онда әлеуметтік мәселе жатыр, қыз баланың жеке басына деген қадір-қасиеті, өзін бағалауы .. деген нәзік дүниелерді қамтығандай...

+0
25 қаңтар 2012, 10:31

Мен біздің елге "Изаура күң" келген күнге нәлет айтамын. Фатмагүл, Дениз дегендер бақытты болып кетсінші әйтеуір...Өздері кілең жұмыстан келіп,тамақ ішетін уақытта болады.Еріксіз көресің үйдің іші үңіліп отырған соң

+0
25 қаңтар 2012, 10:52

құдай құдай қайтейін

+0
26 қаңтар 2012, 15:27

)))) сонысымен де тарымды ғой.... біздің үде де дәл сіздей бұрқылдайтын адам бар еді, өзіне телевизор алып, бөлек шықты))

+0
25 қаңтар 2012, 10:54

Анебір кезде Назеркеге бір сұмдық жаңа кино көргенімді айтып отырсам.... Ол маған "Фатмагул" де сондай ғой дегені... Сонда менің шедевр деп отырғаным Фатмагулдің қасында ойнап қалды-ау деп бір күліп алдық!

+0
25 қаңтар 2012, 18:17

Бұл жолы сериалдың жалғасы болады ма, әлде келген жерінен қайта аяқтайсыздар ма?

+0
26 қаңтар 2012, 15:28

ия, жалғасы болады... осы мауысымы аяықталған соң , жаңа уақытта жалғасын беретін боламыз...

+0
26 қаңтар 2012, 13:52

Басынан болғаны жаман да (( Бірақ, көрмегендер де бар шығар енді басынан...
Берен Саат Фатмагүл образында көбірек ұнайды. Сондай нәзік, мінезі де жұмсақ, лохушка болатын, қысқасы. Ал Запретная любовьта көкбет енді, мамааа....

ПС. Автор, сен Ризасың ба?

+0
26 қаңтар 2012, 15:29

айтпа деймін, оған сол Фатмагүлдің образы көбірек жарасатын сияқты... Түркиядағы ең ең гонорары коп актрисалардың бірі ғой...

+0
26 қаңтар 2012, 15:29

Мен РИЗАМЫН!!! )))

+0
26 қаңтар 2012, 18:11

Риза деген қыз бар еді, солсың ба дим? )))

+0
30 қаңтар 2012, 16:50

Азан шақырып қойған атым Риза, бірақ сіз қай Риза туралы айтып отырсыз, ол бөлек мәселе))

+0
01 ақпан 2012, 19:00

Мен керекинфодағы вебредті айтып отырмын )

+0
06 ақпан 2012, 17:52

)))) эх, Мадлен Мадлен))) . Әбден мазамызды алдың ғой демеші тек)))

+0
12 ақпан 2012, 18:56

казирги биринши маусым неше сериялык сонда?

+0
14 ақпан 2012, 15:45

аса коп емес. жазда тек бір жарым, екі айдай ғана болды ау деймін. 8 апта бойы 5 күннен болса, 42-44 серия ғой деймін... ұмытып қалыппын

+0
17 шілде 2012, 12:44

2 маусым кашан аякталады::: :shock:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев