Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Айхай 25

Айхай 25

Айхай 25

    Жерлесім Алтынбек Қоразбаев көкемнің бір әні бар ғой Мейрамбек пен Тоқтар айтатын "Айхай жиырма бес", сол өлеңді айтып отырғанмын 10 қазан 2012 жылы. Кенет телефонымның жәні шығып стөлдің үстінде шыр айналып жатыр. Сөйтсем достарым екен. Туған күніммен құттықтап жатқан. Оларға рахметімді айтып отырып қасымдағы (жұмыстағы бір кабинетте отыратын әріптесім) досымның бар жоғын ұмытып кетіппін. Өзі звондады. "Е бәле, мен үйге кетіп бара жатырмын прикроеш"- деп. Жарайды деп қоям. 4 Сағат өткен соң өзім звондадым: "Е бәле, бүгін менің туған күнім ба жоқ сенің ба, мен кеттім енді сен мені прикрой, мен үйге кетіп бара жатырмын"- деп телефон тұтқасын қоя салдым. Артынша досымның келіншегі қоңырау салды: "Ойбай Әбеке отыра тұр, мен қазыр саған барам, кетіп қалма"-деп ол тұтқаны қоя салды. Ай мына екеуі маған силық әкеле жатыр екен ғой деп мен алданып отыра қалдым. Сағат кешкі 6 болып жұмыс бітіп, көлігімді қыздырып, асықпай үйге келе жатырмын. Үйдегі аға-жеңгем азанда құттықтамады, жылдағысынша кешкісін құттықтайын деген екен ғой деп. О тоба өз үйімді қарасам, өзім шошимын. Құдай салмасын, көше әктелініп атымды жазып қойыпты, үйдің дарбазасына "варота" домалақтап, плакатқа атымды жазып, құттықтапты. Ананы көрсең құттықтау емес, еңбегі сіңген ердің ескертіші немесе орыстың мәйітіне қоятын домалақ гүл бар ғой тура сондай. Ой өлім ай. Дереу барып шарын да, қағазында жұлып тастап үйге кірдім. Асфальттағы әкті жаңбыр, болмаса менің атымды жүйткіп басып жүрген көліктер өшірмесе, өзім өшіруге дәтім шыдамады. Қазақпын деген достарымның бәрі күліп жатыр. Тірі өліксің ба несің деп. Үйден шыққанға тұрмақ, құттықтаушылардың телефонын алуға дәт жібермейді. Өлгенде көрген 25 қой қалай болса да тосын си жасады, досым ғой деп өзімді өзім жұбатып, өзімнің туған күнімді жасайтын мейрамханаға бардым. Бәрі мәз мейрам, кезек кезек тос, ақ бата ағылып жатыр. Кешігіп әлгілер келді (сурет салғыш досым жұбайымен) әбден күліп жатыр. Менің 25 жасым емес,бүкіл әлемдік күлкі күні ма деп қаласың. Мен досымның жанын жерден алып жерге салып жатырмын, қалған достарымыз күлкіден орнында емес жерде домалап жатыр. Айыптылар сен жындысың, сол 20 ғасырда қалып қойғансың деп шырылдап жатыр. Аяғында екі жақ бітімге келіп, солай күткен 25 жастың айқайын мен осылай жаздым. Алтынбек ағамша әндетпесем де, даусым жеткенше айқайладым ))))

4
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 19 қаңтар 2013, 22:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.