***

***
жеке
блог

Жаратқаннан жетті жарлық,

Аласарды биігім.

Өзіңменен кетті барлық,

Әлемдегі мейірім.

 

Көтере алмай басымды тік,

Өзегіме өт толды.

Жанарымның жасын жұтып,

Жүргеніме көп болды.

 

Тоқтады ма ғұмыр кеуде,

Ажалға жан берісіп.

Тек өзің ең жұмыр жерде,

Құдірет күш мен үшін.

 

Өкініштен жалын жұтқан,

Өр көңілім жасиды.

« Құдіретті » алып жыққан,

Құдіретке бас идім.

 

Ғазиз жаның Хаққа аманат,

Деп,­- қол жайдым кешқұрым.

Өзің кеткен жаққа қарап,

Өтеді енді «бес күнім».