жеке
блог

Ойнастың иттігі...

Ауылдан қалаға көшіп келгенімізге көп бола қоймады. Қаланың қым қуыт тіршілігі адамды қажытып жібереді екен. Мұнда ауылдағыдай қаймағы бұзылмаған қазақылық деген атымен жоқ. Керісінше, бірін-бірі жұтып жіберердей жаға жармасқан жандар. Қаланың көшелері ғана емес, адамдарыныңда жүректері тас екен. Мейірім мен махаббат ұғымы олар үшін жат. Үлкенді қастер тұту, жолын кесіп етпеу іспетті қастерлі сөздер қасиетін жоғалтқан. Көпке топырақ шашпайын десемде, көргенім көзімді, естігенім есімді алып бітті. Бізден бір қабат төменде тұратын Есімбек отбасын асырау қаракетімен Астана қаласына кеткен. Есімбектің ізін суытпай әйелі үйіне бір қырғызды кіргізіп алды. Суық хабар жатсынба, ат арылтып Астанадан  Есімбекте келіп жетті. Бірақ, шайпау әйел әлегіне салып бар айыпты Есімбекке жапты. Барша көрші-қолаңға Есімбек «импотент» деп жаһанға жар салды. Ойланып қаласың. Бірақ, Есімбек ондай дерті бар жанға әсте ұқсамайды. Жарар. Олай болған күннің өзінде шаңырағын шайқалтып, ері жоқта иесіз үйге өзге еркекті кіргізуге боларма? Балаларының тағдыры не болмақ? Елдің дегенін елемеген Айжан Есімбектен ажырасты. Ұясы шайқалғанда алдымен балапандарға ауыр тиетіндей бұл жағдай Саматты да айналып өтпеді. Самат бір нүктеге ұзақ қарап отыратын, ақылында айтарлықтай кемістігі бар болып шыға келгені. Бұған айыпты Айжан ғана. Өзі күн ұзақ базарда көк өніс сатады. Үйінде ұлы Айжанның оттанда ыстық ойнасының қасында қалады. Сол сәттерде қырғыз балаға қоқай көрсетіп, оның психикасына айтарлықтай зақым келтірген.  

       Қазір Есімбек өз ұлының жағдайын ойлап, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды. Айжанда қанаты күйген көбелектей жалғыз ұлының денсаулығын ойлап отыз жылға қартайғандай...

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда