Қыздар құлақпен тыңдайды немесе агенттегі әнгіме

Қыздар құлақпен тыңдайды немесе агенттегі әнгіме
жеке
блог

     Бүгін менің e-mail-ма яғни mail.ru мен танысқаныма бақандай 5 жылдың жүзі болыпты. Басында қызық, ортасы бұзық, қазыр түк жоқ қызық. Тек құжат алмасатын құрал болды десем болады.

    Қай бір жылы (ауыл ақсақалдары құлақтан тебетін осылай әнгіме бастап (ал менікі болған оқиға)) қызық болды. Әкем ес білгелі бір жақсы көкемнің қызын айттырып жүруші еді. Соны аласың айттым бітті. Екі жақ отырыста бас қосса құда. Олардай құданы әлі Құдай жаратпаған шығар әлі дейсің. Масқара сөз жоқ. Сомен әлгі әкемнің құдасы Алматыға (1996 жылдары ел әдемі қиналып жатқан заманда) жұмысқа кетіп, біз жақ шаруа қожалығын дамытып ауылда қалады. Сомен екі құданың құзыреті бітіп, екі бала есейіп, бірі өзі өскен Алматыда, бірі Таразға кетеді. Әкем 1 курс оқып жүргенімде де айтатын.  Ол қызды екі қанаты ақ періште кезімде көрмесем, қанаты қарайған қарға болғанымда көрмегенмін ғой. ))). Сомен күйген дүние күйіп, ақыр заман болса да көрейінші деп үйіне қоңырау соқтым. Арғы жақтан жіңішке, әдемі, жанға жағымды  дауыс "Алоу" деді. Мен де амандасып қызды телефон тұтқасына шақырып беруін өтіндім. Сөйтсем өзі екен. Сомен жігітпін ғой, қыздарға қылық көрсетіп сындыратын әдісіммен сөз бастадым. Ол мені танитын болып шықты, әке шешемді де таниды екен. (Құдай білет ол қыздың да құлағына құйған ау) Бірден әнгімеміз жарасып кетті. Сөйтіп ол 11  сыныпта тапсыратын ҰБТ ке дайындалам деді, мен уақыт беріп. Тапсырды ау деген күннің кешінде қоңырау соқтым.   111 бал жинадым, грантқа түстім деп сүйінші сұрады. Мен риза, өзім өлтіріп тұрып сатып алған 57 балымнан көп екен ау деп қоям. Әнгіме өрбіп араға 1 жыл салыныпты. Бірақ мен әкемнің атастырғанын, ол маған атасқанын айтпаймыз. Доспыз ең бастысы сол. Оның мамасы біледі. Біз жақтағылар білмейді, әлі аласыңмен жүр. 

         2007 жылы 17 желтоқсан шатаспасам, әлгі қыздың ағасының тойы болатын болды. Ал сол тойқана менікі тұғын, анығында суретке ұзақ уақытқа жұмыс жасауға келісіп, адамдарымды отырғызғанмын. Жо жоқ мен фотограф емеспін. Бірақ табыстың жақсы көзі деп, білетін қыздарды жұмысқа алып, сол тойқананың суретшілерінің басшысы мен етінмін. Өлдім талдым дегенде жылына 2 рет ауылына баратын мен, сол күні 3 курстағы маңызды сабақтарды қойып ауылға күн шықпай азаңғы 11 де келіп алғам. Той егелері емес, тойға мен дайындалып жүрмін. (фотоапарат, принтер, компьютерлерді тексеріп) 

           Кешкі сағат 1. Жас жұбайлардың той алдындағы серуен картеджі көшенің  гүлі болып жүр. Әне міні дегенше сағат 5 болып барша тойшыл қауым, тойқананың маңына жинала бастады. Менің қос қызым(суретке түсіретін) өмірі ондайды көрмеген. Былай той біз жақта күн батпай кешкі салқынмен, 22-23:30 да басталатын.

          Той басталды. Менің есілдертім әлгі қызды көру, жүзбе-жүз танысу. Бірінші өмір көрмеген қыздың ең болмаса суретін көрейін деп, суретші қыздың бірін шақырып, "Жа...." деген қызды түсіріп әкел дегенмін. Қыздар суретті әкеліпті. Әдемі, орта бойлы қара торы қазақтың қарапайым қызы екен. Өмірі мені суретке түсірмейтін қыздарым, суретке түсіргіш болып кетіпті. Түсінікті ғой енді. "Суретті тегін және қанша қаласа да шығарып беріңдер, болашақ жеңгелерің" деп айтсам. Сурет жоқ. Қызды шақырайын десем шешесі қасынан шықпайт.Шұғыл жұмыстарым шығып Таразға тартып кеттім. Ертеңіне әдеттегідей қоңырау салсам өзі алып өзін жоқ қылады. Не болды деп мен түсінбейм. Сомен арадағы достық буға айланып кетті. 

          Қысқартып жазып диплом алып 2 жыл өткізіп, жұмыста отырып, қолым қалт ете қалғанда Нархоздың "экономика фокультетінің  менеджмент кафедрасының" қыздарын іздей бастадым. Мен іздеген қыз жоқ. Бір екі қызға mail.ruдағы  достығымды(дружба)  жіберіп, олармен танысып араласып, қызымды сұрастырсам, бір группаң ештеңе емес бір сыныпта оқыған жан достары болып шықты. Олар мені таниды. Сұрасам айтпайды, "саған қатты ренжіп жүр" дейді. Мен аң таң. Өзімен сөйлес деп электрондық почтасын (логинын) берді. Ол қабылдап маған қатты ренжіп жүргенін айтты. Сөйтсем әлгі тойда, мен жіберген қыздар: "Біздің бала сені бүгін алып қашады" деп шошытыпты. Әбден күлгенім сонша, орындығымнан құлап қалдым. Өлдім талдым дегенде ақталып, ондай арам ойымның жоқтығын айтып, маған деген ашуын тарқатып қайттан достастым. 

          Достары қайтадан жазғыш болып, мені Алматыға шақырып, жақсы болды.  Мен баратын болып бел байлап, әне міне дегенімде ел гулеп "Мұзарттың" соңғы концерті екен, Мейрамбек денсаулығына байланысты әншіліктен бас тартады екен деген өсек өрбіп, қызымның достары мені сол концертке бірге баруымызды өтініп, менің мойнымда билет алу екендігін айтып, мен бәріне көніп бармасқа амалдың жоқ екенін сездім дегенімде, Қызылордадағы досым келін түсіріп тура сол күні тойға жолдас бала боласың дегені бар ма. Ал енді шығып көр. Алматыдағы достарым арқылы билетті қыздарға алып беріп, өзім бара алмайтынымды жеткізіп Алматы арман, Тараз артта қалған, Қызылордаға жол тарттым. Той тойлап, қызымды ойлап, Таразға келіп интернетіме отырып, почтамды ашсам, қыз да достары да жоқ. Сомен қыз да жоқ,басқа да жоқ. Арамыз тағы суыды.

Қазыр қыз Кореяда екен. Оны ауылда менім мамам, ауылға қыдырып келген қыздың мамасынан біліпті. Қызыңа барамыз құда түсіп десе керек. Сөйтсе мамасы 2 жыл күтіңіздер қыздарыңыз оқуда десе керек. Обшым әнгіме осы. Қортындысында баллаларда осындай қызық болса, құрметті Қыздар: жолдас қыздарыңыздың құлағына оң, жағынан әнгіме құйып жұбатыңыздар. Он не для тебя деген өтірік сөз екі адамның арасын алыстатады. :)

                                                                                                                   А.Тоқтасын (17.01.2013жыл)