Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Осы біз қандай халықпыз?!

Осы біз қандай халықпыз?!

Осы біз қандай халықпыз?!

Бұл сұрақтың жауабы тым оңай. Біз кешегі Тоныкок пен Күлтегінге еріп, түркі жүртының іргесін қалаған елміз, Алтынорданың тұсында бүкіл Европа мен Азия жұрты тұлпарымыздың тізесін құшып, зар еңіреген. Күллі адамзат баласы күні бүгінге дейін аңызға айналдырған Шыңғыс бабамызға еріп, бүкіл әлемнің жартысын жаулағанбыз, Абылайдың ақ туының астында да ешкімге дес бермедік. Кешегі Кенесары хан туралы бүкіл әлем жарыса жазды.

Ал бүгін ше?! Бүгін де іргелі елміз. Десе де? Кешегі Абылайдың түсіне кірген жолбарыс қазақ, кімге, неге айналып барамыз?!

Бұл ой маған әлдебір қазақ сайтын ақтарып отырып келді. Бір ұйғыр азаматы Мұхтар Шахановтың өлеңдерін бігісі келіп сұрапты. Өзінің ұйғыр екенін, қазақтың ұлы ақынының өлеңдерін, ол туралы ақпаратты білгісі келіпті. Сосын, біздің азаматтар не деп жауап беріпті дейсіз ғой.

Әрине ол азаматтың ойын шынайы ықыласпен қабылдаған азаматтар жоқ емес. Бірақ, кейбір оқырмандардың пікірі қайран қалдырды. Әлгі байқұсты жерден алып, жерге салсын келіп. Сатқын дей ме, сарт дей ме, әйтеу адам төзгісіз дүниелер.

Әлде бір шетел азаматының қазақтың әніне тәнті болып, орындап, қазақ еліне келіп, сол жайлы өз беделіне сүйене отырып, қазақ деген ұлтты насиқаттап жүргенін көзқарақты жұрт білетін болса керек. Жақында ғана телеканалда сол жайлы шу болды. Оны да жерден алып, жерге салдық. Ақыры біздің азаматтарға “сен кім едің?! Өз ұлтыңның қадыр-қасиетін білесің бе?!” дегенге келді әлгі азамат. Күйіп кеткеннен айтып отыр. Сонда да қазақ ұлтына деген ыстық ықыласын жоғалтқан жоқ.

Кино түсіру жағында біраз елге танымал болып үлгерген талантты режиссер Ермек Тұрсыновтай азаматты ұлт сатқыны етіп шығардық. Негізінде ол ешкімнің басын жарып, мұрнын қаната қоймап еді. Оны “ұлт сатқыны” етіп насиқаттап үлгерген өзіміз болдық. Ашынып отырып, ақиқатын айтты. Кешегі Ақселеу секілді заңғарлармен үзеңгілес болған Ермекті қазақтың сатқыны деуге қалай қиясың?!

Бүкіл әлем болып, жаңа жылды тойласа қарсы бола қаламыз. Ал түркі жұрты болып Науырызды тойласа ол біздің ғана мерекеміз деп тағы шу шығарамыз. “Алпамысты”, көкпарды, қымызды, бәйгені өзге ұлт заңдастырып алып жатса, өз ішімізде күңкілдеп қана қоя саламыз. Бұларды өз ұлтымыздың ұлттық құндылығы етіп, қай бір азамат шырылдап, әлем алдында шығып отыр.

Әлде бір шетел ғалымы келіп, ұлтымыз туралы зерттесе “бұл ұлтты құртуға келді” деп шулаймыз.

Біз сәра кімбіз?! Бүкіл әлемнен оқшауланып бара жатқан жоқпыз ба?! Неге адамзат баласын бірдей түсініп, талпынбаймыз.

Біз кеше кім едік, бүгін кімге айналып барамыз. 

Алшын МАТАЙ

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 17 қаңтар 2013, 13:21
Тегтер: осы біз қандай халықпыз, Алшын МАТАЙ, қазақ

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.