Тағыда Ән ұран

Тағыда Ән ұран
жеке
блог

Сонымен не керек Қазақ елі талай қиындықты бастан кешірсе де тап осындай масқаралықты бастан кешірем деп ойлады дейсің бе? Ақыры не керек Қазақ елін кім көрінген қорлап жатыр қазір. Әй дейтін Әже жоқтың кебі болып тұр. Бұл жолы Орыстар. Ақырып жүретін Аю көршіміз. Жоғарғы хоккей лигасының кезекті турының аясында Ресейдің Тверь қаласында өткен жергілікті ТХК мен Қарағандының "Сарыарқасы" кездесуінің алдында ұйымдастырушылар Қазақстанның әнұранын алмастырып, "Менің Қазақстанымның" орнына ескі гимнді қойып жіберді. Айналасына қараған бір спортшымыз жоқ. Бәрі де Ән ұраннан мақұрым екендерін тағыда байқатты. Ал біздің шенділер жақ ашқанын байқамадым. Жақ түгілі еріндерін жыбырлатпады да. Жанымыз міне осыған ашиды. Ресей елшілігінің алдына Пикет өткізейін десең Қылмыскер деп темір торға қамата салады. Үндемейін десең төбемізге шығып барады. Жа бұл бірінші рет емес. Өткен күнге үңілсек  Францияда өткен ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде масқара болдық. Кувейтте өткен нысана көздеу додасында жерге кіріп кете жаздадық. Одан кейін Қостанайда өткен спорттық шаралардың бірінде тағы бір рет қызардық. Ұмыта бастағандай едік, жоқ тағы да тірідей көмді. Осы жерде тағы өкінішімді Ақорда да отырған басшы сымаққа айтқым келеді. Намыссыз шенеуніктер өз артын тағыда қысып отыра берді. Ал енді жақында шығарған заңдары үстемдік етеме көрейік.