Жүректі қалай жұбатам?

Жүректі қалай жұбатам?
жеке
блог

Әдемiсiң, еркесiң, жұғымдысың,

Қарақат көз, талшын шаш, құлын мүсiн.

Кетпейтұғын ойымнан бiр сәтке де,

Бағым бе едiң, жаным-ау, мұңымбысың?

 

Жүрек үнге бағынды, бiлiм, күшiм,

(Кiмге барып ақтарам сырымды, шын?)

Өрекпiген, тулаған жүрегiме,

Не амал бар, айтшы өзiң, тыным үшiн?!