Куәгер...

Куәгер...
жеке
блог

Мен алып Алматыдан, туған жерді аңсап өз кіндік қаным тамған Көксеңгірге келе жатырмын. Көксеңгір деген атыда тіптен қызық. Ауыл маңында көк орай шалғын боп жатқан жерді көру мұң. Жазымыз аптап ыстық, қыс мезгілінің суығын кітаптан ғана оқитынымыз болмаса Көксеңгірдің қысы тым жылы болатын. Әле, есімде Жаңа Жылды айнала таппақ айтқанда күлетінбіз. Далада түйірдей қар болмайтын. Көксеңгір жазық далада орналасқан, аудан орталығынан 120 шақырым қашықтықтағы жүз бас үй түтіні бар ауыл. Көз алдымада сағым дала... Қаз қатар тізілген телефон бағаналары. Дөңгелегі дөңгелеген дүниенің диірмен тасына ілесе біз мінген көлікте жүйіткіп келеді. Менің балалығымның куәгері болған Көксеңгір өлкесінің жазық даласы. Әне, ана қыратта мен қой мен қозы бағатынмын. Өзімше шопан болып жүріп алдымдағы малдарымнан көз жазып қалатынмын. Содан ол мал табылғанша мен пақырда тағат қалмайтын. Көзімнің жасын құрғатпай, безек қағып ауыл шетінде орналасқан бейіт басына баратынмын. Мен жоғалтқан жоғым шөбін күйсеп, көк майсада  оттап тұратын. Ызадан булығып бір жылайтынмын...  Неге екенін қайдам сол уақыттрда мен жоғалтқан малдың бәрі бейіттің ауласында жайылып жүретін.  Қызық ойымды аяқтамай жатып ақ, көз ұшынан бейіт көріне бастады. Жанарымды жасырмай ұзақ қарадым. Менің балаң күндерімнің куәгері, менің қимас жандарымның мәңгілік мекеніне айналған бейіт. Қызық кәзір өткен күндерімді есіме алсам болғаны көз алдыма көлбеңдеп көк мұнарлы бейіт көрінеді…