Мені ұнатқан бір жанға

Мені ұнатқан бір жанға
жеке
блог

Студент күнімде маған бір жан ғашық еді. Мен оны мүлдем ұнатпадым. Көріп қалсам тығылып,қашатынмын. Кітапханада отырса кірмейтінмін. Жатақханада вахтёршылардан гүл,хат жібереді.Өзі романтик екен. Ұнамайсың деп қаншама айтсамда,қайтпады. Құтылу жолдарын іздедім.Бір күні ұлттық кітапханада дипломға материал қарастырып отырсам,газет бетіндегі мына өлеңге көзім түсті. Нағыз маған керек екен деп,жазып алдым. Сосын бұл өлеңді әлгі жігітке хат арқылы жібердім. Қуанғаным-ай соңымнан аңдуды қойды. Бір өкініштісі авторын жазып алмаппын,өлеңін жариялаған газетте есімде жоқ. Табылып жатса қуанар едім. Әрі рахмет күнінде рахметімді жеткізейін деп едім

 

 

                                                             Мені ұнатқан бір жанға...

 

Жақсы көрме,ұнатпа сүйме мені.

Көп болды менде ешкімді сүймегелі,

Сүймегелі-ай жүзінен ләззат алмай

Сезімдерім сынғалы күйрегелі.

 

Жақсы көрме,сен мені ұнатпағың

Қалқам-ау жүрегіңді жылатпағың.

Ұмыт мені кеш емес,айналайын

Өшіргің сезімнің шырақтарын.

 

Жүрме босқа құр бекер уақыт кетер

Уақыт кетер,жылдар өтер бәрі бекер.

Түсінетін сезіміңді сезімменен

Адамды тап өзіңді бақытты етер.