Өтініш, енді өтініш жасамашы!
блог
Массагет, мен ғой, Луизаң! Танымай қалдың ба? аааа, көзілдірік пе? Құрбымның көзілдірігі ғой. Жараспай ма не?)))
Қайырлы түн, массагетім! Ренжімеш, сені тағы мазаламақпын! Мына қыз күндіз де, түнде де бетімді шимайлап тастады-ау дейтін боларсың...
Мені құтқаршы! Бүгін бір мазасыз күн болып тұр. Табан астында біреу топ етіп пайда болып өтініш жасап жатыр. "Бүгін түнде қандай тақырыпта болса да массагетке блог жазшы" деп жанымды қояр емес. Қырсықпын ғой. Көрсеттім онымды. Жоқ, пайда болмады. Өзіңе тек сезіммен ғана келетінмін. Бетіңді ашып алып, біреуге деген ашуымды өзіңнен алатынмын. Біреуге деген ренішімді өзіңе кеп жария ететінмін. Сезімімді де... Бүгін өтініш бойынша жазып отырмын.
Түсінбей отырсың ба? Мен де! Білмеймін, мүмкін қазір осы жазба жарияланғанда Алматы көгінде салют атылатын шығар))) Болмаса басқа бір нәрсе. Біреу үшін соншалық маңызды көрінеді. Әй, қайдам...
Ал енді не өзгерді?
Айпақшы, ескертейін - "менің бар жазбамды оқып шыққан" Өтініш жасаушы бізге тіркелмеген де... Сондықтан пікір күтпеймін.
Сезіммен жаз деп ед, қазіргі сезініп отырғаным осы ғана)))