Жылдың "Ең үздік қолданушысы"

Жылдың "Ең үздік қолданушысы"
жеке
блог

Ашылғанына көп уақыт бола қоймасада Мектеп оқушылары арасында танымал сайттардың бірі Сұрақ-жауап сайтында биыл үлкен өзгеріс болды. Жылдың басы біраз өзгерістер болатыны сөзсіз. Сол өзгерістердің бірі осы Сұрақ-жауап сайтындада болды. 10.10.10 ашылған бұл сайт көпшілік арасына танымал болып үлгерді. Бұл сайтқада бәсекелес болатын сайттарда табыла бастады. Десекте сайт Әкімшілігі Ербол Серікбай есімді жас жігіт өз арманын жүзеге асырып қана қоймай, оған демде берді. Күн-түн демей сайтқа күш-жігерін арнап, сайттың көркем келбетінде жасап, жарнамада тартып біраз ізденіс үстінде болды. Сол еңбегі ақталдыда. Қазіргі таңда сайтта 16 000 (он алты мың) мыңға жуық қолданушы бар. Дені мектеп оқушылары. Студенттерде, жұмысшыларда, мектеп мұғалімдері, қысқасы сан түрлі маман иесіде бұл сайтта табылады. Сайт Әкімшісі белсенді қолданушыларының арасынан іріктеп Модератор, Редактор, Маман қызметтеріне орналастырып қойды. Әрине әр қолданушы бұл қызметті алу үшін өзі өтініш беру керек. Қысқасы сайт өз деңгейін жоғарылатты. 

Биыл сайтта тұңғыш рет жылдың "Ең үздік қолданушысы" анықталды. "Ең үздік қолданушыны" анықтау сауалнама арқылы сайт қолданушылары арасында жүргізілді. "Ең үздік қолданушы" анықтау үшін, сайтта белсенді қолданушылар іріктелініп алынды. Барлығы 12 қолданушы іріктелініп алынды. Екі аптаға созылған сауалнама барысында Жылдың "Ең үздік қолданушысы болып Наглый Қазақ атымен сайтта танымал Маңғыстау облысының Бейнеу ауылының тұрғыны Берік Сағынов ие болды. Тиісінше 2 орынды Орал қаласының тумасы Нұрберген Жантурин есімді қоланушы. Ал үшінші орынды Алматылық Нұрсұлтан2002 және Сексеул кентінің тумасы Аіbolat екеуі қанжығасына байлады. Бірінші орынға Сайт Әкімшілігі тағайындаған "Ең үздік қолданушыға" 3000 ұпай, 2 орынға 2000 ұпай, 3 орынға 1500 ұпай. Ал қалған қолданушылар "Ынталандыру" ретінде 750 ұпайдан өз қанжығасына байлады. Алдағы жылдарыда жылдың "Ең үздік қолданушысы" анықталатын болады. Сіздерде сайтқа тіркеліп Жылдың "Ең үздік қолданушысы" болуларыңызға тілектеспін. Ал біздің сілтемеміз мінекей  http://surak-zhauap.kz/