Құтты болсын,Махаббат, туған күнің!!!

Құтты болсын,Махаббат, туған күнің!!!
жеке
блог

Бүгін менің әпкем Махаббат Нұрымбетқызының туылған күні. Әпкемді сыртынан мақтап алайын десем тағы ұялып тұрмын хехех Жалпы ол кісі менен 9 жас үлкен болғандықтан мен мектеп қабырғасында оқып жүргенде алып шахар Алматыға кеткен болатын.Кейіннен менен үлкендерді өзінен кейінгілердің барлығын өзіне тартып жанына алып, оқытып аяққа тұруына көп көмегін тигізді. "Әпке" дегенім болмаса ол кісі маған "анамдай". Тіпті кейде анамнан артық па деп қалам. Ес білгелі әкем мен анамның айтатын сөзі-"әпкелеріңді сыйлаңдар, айтқаны заң болсын"дейтін.Онысын бәріміз бір адамдай орындап келеміз.Үлкен демесек, әке шешем кенжесіндей қарайды тұңғышына. Еркелеп те алады. Барлығымызға "үкімі" өтетін жалғыз жан. Ал өзі әкемнің айтқанына бағынады хиххи. МАқтау емес еді негізі менің жазудағы мақсатым. Жаза берсем мақтау сөз бен парақ жетпей қалары анық. Десек те бұндай сөзді бетіне айта алмасым анық.Сол себепті осы жерден ерекше құттықтау жасағым келді. Бүгінде ол кісі менің әріптесім ххихи бұны оқып күлер..Бірақ расында да солай. Жұмыста да "әпшеее" деп шақырып жүре берм. Бір күні ұялып "әпше демеші" дегені бар..мен күлдім "Махаббат дейін бе ойбой құрысын " депхихих ешқашан бетіне атымен атап,  "сен" көрммеген жанға біртүрлі екен. Осылай заңды бұзатыным бар. хаха

Қысқасы,бүгін мен әпкемді,әріптесміді анамдай болған СТВ телеарнасының тележүргізушісі МАхаббат Нұрымбетқызын туылған күнімен құттықтаймын. Айтқандай анамды да. Бұл күні қазақтың мақтанышы МАқпал Жүнісованың да туылған күні екені есімде. ҚҰттықтаймын. Әпкем екеуі жылда бір-бірін құттықтап сыйлықтар жіберіп арқа-жарқа болып жататыны есімде қалыпты.

Ойбууу соза бердім ау.

 

Ізге ниетпен,ерекше махаббатпен әріптесіңіз,сіңлісіңіз кенже қыз ғой,,,үйдегі бұзығыңыз Қазына Әбдіғапбар!!!!