Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Пианист алғысы - журналист қуанышы

Пианист алғысы - журналист қуанышы

Пианист алғысы - журналист қуанышы

Сәлем, Массагет! Өз жұмысымның қызықтары мен қуаныштары жайлы айтып, журналистикаға тағы да біраз үгіттейін сіздерді. 

"Айжан рахмет, ата-анаммен көріп, мәз болдық!" - осындай сөздерді естігенде, қалайша мәз болмайсың?!) Иә, журналистика мамандығы өз клиенттерінен ақша алмайтын мамандықтардың бірі ғой... (әрине бұл жерде менің асыра сілтеушілігім байқалады). Өмірде барлық қызмет түрлеріне тек осындай алғыстармен төлесең ғой, шіркін! Бүкіл әлем қызғылт (розовый) түске боялып кететін шығар, ондайда.

Алайда менің айтайын дегенім ол емес. Сіздерді пианист, белсенді қоғам мүшесі және де жай ғана көркімен айналасын жарқыратып жүрген жас қыз Алма Мұқанмен таныстыру. Музыканы, оның ішінде гүрс-гүрс еткен рок емес, әсем де әсерлі классикалық музыканы өмірінің ажырамас бөлігі ретінде көретін Алманың бойында жігер де, қайсар да бар. Әрине, күн сайынғы 5-6 сағат бойғы фортепиано жаттығулары мен сансыз ноталарды жаттау әркімнің-ақ мінезін қатайтатын шығар... Сондай-ақ белсенді түрде түрлі шараларға қатысуы, жастар ұйымында жұмыс істеуі оның жауапкершілігі мен ұйымдастырушылық қасиеттерін көрсетеді. 

Екеуіміздің таныстығымыз, сонааауу модельдік өткенімізден басталған. Содан бері қаншама жерлерде бірге болып, талай қызықтарды бастан кешіргенбіз. Бір байқағаным, Алманың бойында, мүмкін өзі байқай бермейтін, әйелдік мінездің ең қуаттысы жиналған. Өзімнің адамдарды кітап не кино кейіпкерлеріне ұқсататын әдетім бойынша, мен оны кейде сыған қызы Карменге, кейде Толстойдың Анна Каренинасына ұқсатамын.

Кейде өзінің бар қаруын іске қосып, жанып кетердей болса, кейде жұмсақ мақтадан жаралған мамықтай монтия қалатын әдеті бар. Не де болса, өмірде кез келген адамда бола бермейтін, алайда қуаты күшті "харизма" деген Алмада бар нәрсе. Тек оны керек кезде іске қосу не қоспау барлық әйел затына сай оның көңіл-күйіне байланысты. 

Бұл жазбаны Алмамен танысудың кіріспесі деп біліңіздер) Пианист қызбен толықтай танысу үшін, "Екпіндегі" сұхбатты оқи отырыңыздар. 

 P.S айтпақшы, Алма пианино бойынша сабақтар да жүргізеді, қызыққандарыңыз болса, толық мәліметті сұхбаттан таба аласыздар

5
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 23 қаңтар 2012, 20:28
Тегтер: алма пианист, айжан журналист, сұхбат, екпін

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.